#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 желтоқсан
02 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(347)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2184)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(73)

Қандай жағдайларда малды Қазақстаннан әкетуге тыйым салынады

Қандай жағдайларда малды Қазақстаннан әкетуге тыйым салынады Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform
«Казинформ»

Қазақстаннан мал экспортына арнайы квота белгіленді. Квота аясында әр 6 ай сайын елден шығарылатын жануарлардың нақты саны анықталады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сұрауына жауап ретінде хабарлады. 

"Министрлік агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің импорты мен экспортына тұрақты мониторинг жүргізеді және экспортты ұлғайту үрдісі анықталған және ішкі нарыққа қауіп төнген жағдайда, себептерді анықтау бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберіледі", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомствоның жауабында қазірдің өзінде елден аналық малды әкетуге тыйым салынғаны атап өтілген.

"Қазіргі уақытта аналық мал басын әкетуге тыйым салынды және бұқалар мен қозыларға жаңа квота енгізілетін болады. Экспорт тек квота шегінде жүзеге асырылады", - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауабында.  

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде