#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 Наурыз
11 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(228)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда туристер үшін бірыңғай қосымша жыл соңына дейін іске қосылады

Қазақстанда туристер үшін бірыңғай қосымша жыл соңына дейін іске қосылады Фото: Досбол Атажан / Kazinform
«Казинформ»

Қазақстанда осы жылдың соңына дейін туристер үшін travelstan бірыңғай мобильді қосымшасын іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев "Қазақстандағы цифрлық туризм — 2025" форумында еліміздің әр өңірінде бүгінгі таңда цифрлық платформалар әзірленіп жатқанын хабарлады.

"Мысалы, Алматы Mastercard-пен бірлесіп өзінің қосымшасын іске қосуды жоспарлап отыр. Алайда, бұл құралдардың барлығы бір — бірімен байланысты болуы керек", - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, осы жылдың соңына дейін барлық негізгі туристік қызметтерді біріктіретін Бірыңғай цифрлық платформаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның арқасында саяхатшылар қажетті қызметтердің барлық спектрін бір ыңғайлы және қолжетімді кеңістікте ала алады.

"Біздің жоспарымызға сәйкес, travelstan қосымшасы жыл соңына дейін іске қосылады. Қазақстан-мәдениеті, тарихы, таңғажайып табиғаты және көптеген ерекше көрікті жерлері бар ел. Біз travelstan атауын батыл және саналы маркетингтік қадам ретінде таңдадық. Бұл барлық туристік ресурстарды бір жерге жинайтын бірыңғай цифрлық платформа болады. Бірақ түрлі сервистерді біріктірмес бұрын, қосымша тестілеудің барлық кезеңдерінен өтуі, қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сәйкес келуі және пайдаланушылар алдында толыққанды, сенімді өнім ретінде көрінуі тиіс", — деп түсіндірді Ержан Еркінбаев. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде