#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
13 Наурыз
12 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(229)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда жол құрылысына арналған 79 жаңа материал сынақтан өткізіледі

Қазақстанда жол құрылысына арналған 79 жаңа материал сынақтан өткізіледі Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform
«Казинформ»

Ел тарихында алғаш рет жол салу үшін қажетті 79 жаңа материалға далалық сынақтар жүргізілетін болады. Бұл туралы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Қазіргі уақытта ведомство заманауи цифрлық және технологиялық шешімдерді әзірлеп, тәжірибеге енгізуде. Бұл бағыттағы жұмыс 2025 жылы да жалғасады.

"Атап айтқанда, жол қозғалысын тоқтатпай көпір құрылымдарының экспресс-диагностикасын жүргізуге мүмкіндік беретін мобильді жүйелерді іске қосу басталды. Сонымен қатар, ел тарихында тұңғыш рет 79 жаңа материалға далалық сынақтар жүргізілетін болады. Бұл ең тиімді шешімдерді таңдауға және енгізуге мүмкіндік береді. Сондай — ақ, superpave технологиясы бойынша жол жабындарын жобалаудың халықаралық стандарттарын енгізу жоспарлануда", - деді Анар Ғабдуллина Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Комитет өкілінің айтуынша, соңғы жылдары отандық ғалымдар мен инженерлердің бастамасымен бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды.

"Атап айтқанда, мұзға қарсы жаңа буын реагенті, органикалық еритін жол таңбасы бояуы, сондай-ақ полимерлермен өзгертілген битум дайындау құрылғысы сияқты инновациялар әзірленді", — деп қосты ол.

Премьер-Министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында автомобиль және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралғанын атап өткен жөн. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде