#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
18 желтоқсан
17 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(348)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2269)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(75)

Қазақстан ІІМ функцияларын кеңейтті

Қазақстан ІІМ функцияларын кеңейтті Фото: ҚР ІІМ
«Казинформ»

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ҚР Ішкі істер министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі.  

Ереже Министрліктің келесі жаңа функцияларымен толықтырылды:
 
  • күзет қызметі саласындағы салалық біліктілік шеңберін әзірлейді немесе өзектендіреді;
  • күзет қызметі саласындағы кәсіби стандартты әзірлейді және өзектендіреді;
  • кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша күзет қызметі саласындағы кәсіптік стандартты бекітеді;
  • кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектендіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
  • кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
  • кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді;
  • облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдердегі кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, кәсіптік біліктілікті танудағы еңбек нарығының қажеттіліктерін қалыптастырады;
  • кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • ішкі істер органдары қызметкерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдері мен мерзімдерін бекітеді;
  • ҚР Ішкі істер органдарына қызметке кандидаттың кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтинг) есептеу қағидалары мен әдістерін бекітеді;
  • дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік препараттарды азаматтарға жіберу құқығы берілген лауазымдар мен ұйымдардың тізбесін келіседі;
  • өз құзыреті шегінде ҚР азаматтарының өтініштерін қарайды;
  • құқық қорғау органдарымен және ҚР Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган басшысымен бірлесіп психологиялық-социологиялық зерттеу жүргізу тәртібі мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
  • құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерін, олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерін, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан аталған органдар қызметкерлерінің зейнеткерлері мен балаларын олар кәмелетке толғанға дейін Астана және Алматы қалаларында орналасқан Ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарына жіберу тәртібін белгілейді.

 

Қаулы 2025 жылғы 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде