#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
03 Наурыз
02 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(210)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Қарағандыда "Алқа"әдеби клубының көшпелі отырысы өтті

Қарағандыда Сурет: 24KZ
24.kz

"Қарағанды көктемі" республикалық ұлттық проза фестивалі аясында Қарағандыда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанынан құрылған "Алқа" әдеби клубының көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды "24KZ" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесуге Министрлік өкілдері, еліміздің әр өңірінен келген белгілі ақындар мен жазушылар, жергілікті әдебиетшілер, ЖОО оқытушылары мен студенттер қатысты.

Фестивальдің ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды.

Отырыс аясында қазіргі заманғы әдебиеттің өзекті мәселелері, оның ішінде қоғамдық маңызы бар кітаптар шығару, әдеби конкурстар өткізу, балалар әдебиетін қолдау мәселелері талқыланды.

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаттары - белгілі жазушылар прозаның, кітап нарығының, әдеби сын мен аудармалардың қазіргі жағдайы туралы пікірлерімен бөлісті.

Отырысқа қатысушылар пікір алмасып, әдебиеттің дамуына өз көзқарастарын білдірді.

Айта кетейік, "Қарағанды көктемі" дәстүрлі фестивалі биыл алғаш рет проза жанрына арналды. Іс-шара аясында үздік әңгімеге конкурс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде