#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 Наурыз
11 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(228)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда әуежайлар мен концерттік алаңдардың инфрақұрылымына ревизия жүргізіледі

Қазақстанда әуежайлар мен концерттік алаңдардың инфрақұрылымына ревизия жүргізіледі Сурет: pixabay.com
«BaigeNews.kz»

Жол бойындағы кафелер, жанармай құю бекеттері мен қызмет көрсету станциялары қабылданған стандарттарға сай болуы керек. Олжас Бектенов жол бойындағы сервисті жақсарту міндетін қойды, деп хабарлайды BaigeNews.kz

"Көлік, сауда, Ұлттық экономика, туризм министрліктері мен әкімдіктер жол бойындағы сервисті жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырсын. Жол бойындағы кафелер, жанармай құю бекеттері мен қызмет көрсету станциялары қабылданған стандарттарға сай болуы керек. Сондай-ақ, осы бизнесте жұмыс істейтін кәсіпкерлерді ынталандыру мәселелерін пысықтауды тапсырамын. Туристердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шараларға ерекше назар аудару қажет. Әуежайлардан бастап қонақүйлерге, сауда нүктелеріне, тамақтану орындарына, концерт алаңдарына дейін қауіпсіздік пен жайлылық тұрғысынан барлық инфрақұрылымға тексеру жүргізу қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, туризм және спорт, мәдениет, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктерінің, арнайы мемлекеттік органдардың алдына ауқымды мәдени, спорттық және туристік іс-шараларды өткізу кезінде барынша жәрдем көрсету міндеті қойылды.

"Оларды ұйымдастыру мен өткізу деңгейі экономикалық пайда әкеліп қана қоймай, еліміздің имиджін, инвесторлар мен туристер үшін тартымдылығын нығайтады", – деп атап өтті Премьер-министр.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде