#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
04 Наурыз
03 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(210)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1394)

Қазақстандағы экологиялық заңнаманы бұзушыларға 14 млрд теңгеге айыппұл салынды

Қазақстандағы экологиялық заңнаманы бұзушыларға 14 млрд теңгеге айыппұл салынды Фото: Kazinform/ freepik.com
«Казинформ»

Қазақстанда қалдықтарды басқару бөлігінде экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 2022 жылдан 2024 жылға дейін 14,3 млрд теңге сомасына 405 айыппұл салынды, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Бұл туралы Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрілан Нысанбаев мәлімдеді.

Атап айтқанда, "Каспий Мұнай" АҚ қалдықтарды экологиялық рұқсатсыз жинақтағаны үшін 13,7 млрд теңге сомасына айыппұл салынды және өндірілді.

"AltyntauKokshetau" ақ қалдықтарды нормативтен тыс жинақтағаны үшін 145 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және өндірілді.

"Қаржы-инвестициялық корпорациясы" АҚ-ға қалдықтарды нормативтен тыс жинақтағаны үшін 108,7 млн теңге сомасына айыппұл салынды және өндірілді.

"Тұтастай алғанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір кәсіпорын қалдықтар көлемін азайту мақсатында ең жақсы қолжетімді техниканы (ҚДТ) пайдалануды ескере отырып, қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлейді", - деп толықтырды министр. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде