#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
09 ақпан
08 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(157)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1391)

Валюта айырбастау ережесін Қазақстан Ұлттық Банкі өзгертті

Валюта айырбастау ережесін Қазақстан Ұлттық Банкі өзгертті Сурет: freepik
Zakon.KZ

Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы валюталық реттеу мәселелері бойынша ҰБК-ның бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 21 ақпанында монетарлық реттеушінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Банктердің валюталық операциялар бойынша есеп беру мерзімдерін қысқарту бойынша өзгерістер енгізілді, жүргізілуі валюталық заңнама талаптарынан жалтаруға бағытталуы мүмкін және қаржылық мониторингке жататын операциялардың тізбесі кеңейтілді. Бұдан басқа, Басқарма шешімімен айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша қолма – қол шетел валютасын сату бағамынан сатып алу бағамының ауытқу шегі белгіленді, доллар үшін – 7 теңге, еуро – 10 теңге", - делінген жұмада таратылған релизде.

Сондай-ақ, ҰБК Басқармасының кейбір қаулыларына төлем жүйелері мәселелері және Ұлттық банк қызметінің басқа да мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде шешімдер қабылданды.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде