#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
10 ақпан
09 ақпан

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(158)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1391)

Донорлық органдарды тасымалдауға көмектескені үшін патрульдеушілерге алғыс айтылды

Донорлық органдарды тасымалдауға көмектескені үшін патрульдеушілерге алғыс айтылды Сурет: polisia.kz
polisia.kz

Донорлық органдарды тасымалдауға көмектескені үшін Қарағанды облысының патрульдік полицейлеріне алғыс айтылды, деп хабарлайды Polisia.kz

Қарағанды облысы полиция департаменті басшылығының атына транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызметтер жөніндегі республикалық орталық басшылығынан хат келіп түсті.

Хатта Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальоны полицейлерінің — полиция капитаны Ж. Әділашов пен полиция аға лейтенанты Н. Шахманның донорлық органды жеткізу кезінде көрсеткен кәсібилігі атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, тәртіп сақшылары мамандандырылған көлікті Ақмола облысының шекарасына дейін жедел алып жүрді.

- Сіздің кәсібилігіңіздің, жауапкершілігіңіздің және медицина қызметкерлерімен мінсіз үйлестірудің арқасында біз орталыққа өмірлік қажетті донорлық органды уақтылы жеткізе алдық. Сіздің іс — әрекеттеріңіз ауыр науқасқа сауығып кетуге үміт берді, - делінген директордың міндетін атқарушы Н. Жылгелдинаның хатында.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде