#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 Наурыз
11 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(227)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Тоқаев Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жобаны іске асыруды жеделдетуді тапсырды

Тоқаев Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жобаны іске асыруды жеделдетуді тапсырды Сурет: iss.europa.eu
«BaigeNews.kz»

Мемлекет басшысы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Президент Қазақстандағы отын-энергетика кешенін дамыту жөніндегі жұмыстың негізгі қорытындылары мен жоспарлары, сондай-ақ ірі мұнай-газ және энергетикалық жобаларды іске асыру туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды BaigeNews.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылумен және энергиямен қамтамасыз етудің ірі объектілерінің жұмысы туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы жылыту маусымының өтуі және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелерін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Президент Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асыруды жеделдетудің маңыздылығын атап өтті.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде