#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
13 Наурыз
12 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(230)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

Қазақстанда әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер өткізіледі

Қазақстанда әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер өткізіледі Фото: ҚР МАМ
«BaigeNews.kz»

"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 Белсенді күн" Халықаралық акциясы аясында Қазақстанда әйелдер үшін өзін-өзі қорғау бойынша тренингтер басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BaigeNews.kz

Оларды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымының қолдауымен ұйымдастырды.

Алғашқы тренинг Қызылордада өтті. Оған 50 әйел қатысты. Сарапшылар Empowerment through Self-defence халықаралық әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Оқыту интерактивті форматта өтеді. Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі қорғау тактикасын меңгере алады, зорлық-зомбылық психологиясын түсінуді, қауіпті сигналдарды тануды үйренеді.

Мұндай өзін-өзі қорғау тренингтері Астана, Шымкент, Түркістан және Қосшыда да жоспарланған.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде