#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
23 қараша
22 қараша

Сауалнама

Қарағандыда жол жөндеу сапасына ризасыз ба?
  • Иә. Олар өте жақсы жасайды;(295)
  • Мен сапаға ризамын,бірақ тұрақты кептелістер кедергі келтіреді;(43)
  • Жоқ. Олардың не жаман екенін бірден көруге болады-олар екі жылдан кейін ауысады;(269)
  • Қанша жасасаңыз да, мағынасы болмайды. Тек желге ақша.(33)

Қазақстанда минералды тыңайтқыштар өндіретін жаңа кәсіпорындар пайда болады

Қазақстанда минералды тыңайтқыштар өндіретін жаңа кәсіпорындар пайда болады Сурет: freepik.com
«Казинформ»

Қазақстанда минералды тыңайтқыштардың жаңа өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform агенттігінің тілшісі. 

Оның айтуынша, 2025 жылға арналған жоспарда фермерлердің 1,9 млн тонна көлемінде минералды тыңайтқыштар сатып алуы көзделген. Бұған отандық зауыттарды аванстық субсидиялаудың қолданыстағы тетігі ықпал ететін болады.

"Тыңайтқыштар бойынша импортқа тәуелділікті төмендету мақсатында жаңа өндірістерді іске қосу, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жоспарлануда. Ағымдағы жылы ҚазАзот кәсіпорнында аммоний сульфаты өндірісі іске қосылды", - деді Азат Сұлтанов.

Бағаның тұрақтылығы және тыңайтқыштарды жеткізу кестесі де маңызды мәселе болып табылады.

"Осыған байланысты отандық өндірушілермен бағаны белгілеу туралы жаңа меморандумдар жасалатын болады, бұрын қолданыста болған меморандумдар өз тиімділігін көрсетті. Қазіргі уақытта әрбір әкімдікпен нақты көлемдерді көрсете отырып, жеткізу кестесі пысықталуда, ол өндіріс зауыттары үшін бағдар болады",-деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, органикалық тыңайтқыштар өндірісін дамыту үшін ынталандыру шаралары да қарастырылған. 2028 жылдан бастап өнеркәсіптік өндірістегі тыңайтқыштардың органикалық түрлерінің құнын субсидиялау жөніндегі норма қолданысқа енгізіледі. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде