#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
23 қараша
22 қараша

Сауалнама

Қарағандыда жол жөндеу сапасына ризасыз ба?
  • Иә. Олар өте жақсы жасайды;(295)
  • Мен сапаға ризамын,бірақ тұрақты кептелістер кедергі келтіреді;(43)
  • Жоқ. Олардың не жаман екенін бірден көруге болады-олар екі жылдан кейін ауысады;(269)
  • Қанша жасасаңыз да, мағынасы болмайды. Тек желге ақша.(33)

Республикалық бюджеттен дәрі дәрмектерге 470 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді

Республикалық бюджеттен дәрі дәрмектерге 470 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді Сурет: pixabay.com
«BaigeNews.kz»

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BaigeNews.kz.

Ол жалпы амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттің шығындары 474 млрд теңгені, ал жергілікті бюджеттің шығындары 26,7 млрд теңгені құрайтынын хабарлады.

Амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 120 нозология бойынша 251 млрд теңге сомасына 3,5 млн пациентті қамтиды. Ауыл тұрғындары үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар базасында 172 дәріхана пункті және 694 жеке дәріхана, сондай-ақ 15 жылжымалы дәріхана пункті ұйымдастырылған.

"Пациенттерді стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға сәйкес орталықтандырылған және дербес сатып алу бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы Бірыңғай дистрибьютордың 2025 жылға арналған сатып алу науқаны екі ай бұрын басталды, бұл "СК-Фармация" ЖШС қоймаларына дәрілік заттарды 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде