#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
04 желтоқсан
03 желтоқсан

Сауалнама

Бір уақыт белдеуіне ауысу сізге қалай әсер етті?
  • 1. Оң. Олар жақсы ұйықтай бастады.(347)
  • 2. Теріс. Мен бірдей жұмыс көлемін нашар басқарамын. Қыста мен күнді әрең көрдім.(2184)
  • 3. Мен айырмашылықты мүлдем байқамадым.(73)

Қазақстан азаматтығы - тек тіл мен тарихты білген жағдайда ғана. Ережелер бекітілді

Қазақстан азаматтығы - тек тіл мен тарихты білген жағдайда ғана. Ережелер бекітілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Tengrinews

Қазақстанда азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді білуге қойылатын талаптар белгіленді. Тиісті бұйрыққа ғылым және жоғары білім министрі қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде білу көлемі кемінде 36 (отыз алты) балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері кемінде 9 (тоғыз) балл, сондай - ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру кезінде Қазақстан тарихы кемінде 15 (он бес) балл болып бекітілсін", - делінген құжатта.

Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелген.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. 

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде