#КүшiмiзБiрлiкте

Оқиғалар лентасы

Кеше
12 Наурыз
11 Наурыз

Сауалнама

Қарағандылықтар, сіз супермаркеттерде азық-түлік бағасының өскенін байқадыңыз ба?
  • Әрине. Ол қазірдің өзінде қалтасын айтарлықтай ұрады;(227)
  • Мен айырмашылықты сезбедім/а(1395)

ҚР Тәуелсіздік күнінде туғандар Президенттен ашық хатпен сыйлықтар алды

«BaigeNews.kz»

 Қазақстанның Тәуелсіздік күнінде дүниеге келген екі мыңнан астам баланың ата-аналары мерекенің 30 жылдығына орай естелік baby-бокстарын алды, деп хабарлайды BaigeNews.kz ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Сүйінші" сыйлық қораптарында сәбилерге арналған алғашқы қажеттіліктер жиынтығынан басқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау картасы, сондай-ақ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шығарылған естелік монета және баланың туу туралы куәлігі бар.

"Сіз бұл әлемге біздің еліміз үшін ерекше сәтте келдіңіз — бұл күндері біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеміз. Сіз бақытты жұлдыздың астында дүниеге келдіңіз деп айта аласыз, сондықтан ол сіздің бүкіл өмір жолыңызды жарықтандырсын!",- деп жазылған Президенттің құттықтауында.

16 және 17 желтоқсанда туған балалардың туу туралы куәлігіне өтінішті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері перзентханаларда қабылдады. Содан кейін оны Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАТ органдарына тапсырды.   

    • Тарату: 






    Жаңалықтар ұсыныңыз
    Біз әлеуметтік желілерде