Достық үйінде Қарағанды гормаслихатының депутаттарын мерейтойымен құттықтады. Кездесуге түрлі шақырылымдардың өкілдері шақырылды.
 
 
 
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәслихаттар мен депутаттар рөлінің маңыздылығын атап өтті.
 
"Мажоритарлық округтерді қайтарған Реформа мәслихаттарға дамуға жаңа серпін берді. Бүгінде депутаттар тұрғындардың тікелей дауыс беруімен сайланады және бұл үлкен жауапкершілік жүктейді. Мұның бәрі біздің ортақ мақсатымыз – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуі тиіс. Біз сіздермен көп жұмыс жасадық, бірақ алда Президент қойған көптеген жоспарлар мен өршіл міндеттер тұр", – деді өңір басшысы.
 
 
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Қобжанов әріптестерін құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.
 
"Бүгін мұнда барлық сегіз шақырылымның депутаттары жиналды. Біздің барлығымыз үшін бұл 30 жыл бұрын Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойып, алғашқы мәслихаттар сайланған тарихи күн", - дейді Нұркен Қобжанов. "Көптеген депутаттар қалалық мәслихат арқылы өтіп, қазір облыстық мәслихатта табысты еңбек етуде. Барлық депутаттарға амандық, тұрғындардың игілігі үшін шығармашылық және нақты жұмыс тілеймін".