#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
27 декабря
26 декабря
Есть что рассказать? Поделись с нами любым удобным способом!
  • Телефон: +7 7212 41 90 90
Высокие цены, проблемы общественного транспорта, ЖКХ, сфер образования и здравоохранения... Зачастую, хочется, чтобы о несправедливости узнали многие, поддержали, а, может быть, даже и помогли. Делитесь новостями в разделе «Горячая линия» и вас услышат Сообщить!
Миграционный отдел по обслуживанию населения филиала некоммерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Карагандинской области:
29 января, 2020
НА РАССМОТРЕНИИ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 28...

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

28 қаңтар Нұр-Сұлтан қ.
Дербес деректер қорының электронды кілті
28 қаңтарда халықаралық дербес деректерді қорғау күні атап өтіледі. Датаға орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташева ЭЦҚ кілтті дұрыс пайдалану және оны сақтау жолдары жөніндегі кеңестерімен бөлісті.
Электронды цифрлық қолтаңба – азаматтарға egov.kz, elicense.kz, enis.kz, salyk.kz сияқты электронды үкімет порталдарын пайдалануға мүмкіндік беретін электронды кілт.Жеке немесе заңды тұлғалардың барлық дербес мәліметтеріне жол ашатын цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың және сақтаудың өз ерекшеліктері бар.
ЭЦҚ-ға тапсырысты pki.gov.kz сайтынан беріп, ХҚО-ға тек тұлғаны куәландыру үшін баруға болады. Алайда көпшілік электронды кілтті халыққа қызмет көрсету орталығынан алуды жөн көреді. 2019 жылы қазақстандықтар 7,8 млн электронды кілт рәсімдеген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,7 млн көп көрсеткіш. Алайда бұл, көп жағдайда, бір адамның ЭЦҚ-ға тапсырысты бір-ақ рет бергенін білдірмейді дейді Әсемгүл Балташева. «Азаматтар құжатқа электронды тапсырыс беретін кезде немесе декларация тапсырған сәтте ғана ЭЦҚ-ны пайдаланып, кейін оны қайда сақтағанын ұмытып, құпиясөзін естен шығарып жатады. Сөйтіп, ЭЦҚ кілтке қайта тапсырыс береді. Дербес деректер базасын қолжетімді ететін кілтті құнды дүниедей сақтап, мұқият болу керек. Біз ешқашан банк картасының пин-кодын ұмытпаймыз, ал ЭЦҚ-ның құпиясөзін есте сақтап жаттамаймыз. ЭЦҚ-ны пайдалану мәдениеті ең алдымен азаматтардың өзі үшін қажет», – дейді мемлекеттік корпорация төрайымы.
Көп жағдайда, ЭЦҚ рәсімдеген сәтте, ХҚО мамандары бірдей құпиясөз бекітіп береді, алайда қолданушы оны жеке кабинетінде кейін өздігінен жаңарта алады. Бүгінде жеке куәлік чипына жазылатын ЭЦҚ 3 жылға жарамды, оны пайдалану үшін арнайы картридер қажет. Флеш-картаға жазылып берілетін кілттің жарамдылық мерзімі – 1 жыл. Цифрлық қолтаңбаның уақыты өтпей тұрып, оныонлайн түрде pki.gov.kz сайты арқылы жаңартуға болады. Мерзімнің аяқталатыны туралы смс-ескертпені алу үшін жеке кабинетте ұялы телефон нөмірі байланыстырылуы тиіс. «Телефон нөмірі мен ЭЦҚ-ны сәйкестендірген азаматтарға электронды түрде алынған қызметтер бойынша хабарламалар келіп тұрады. Ол смс-тер бөгде қызметтердің алынбауын бақылап отыруға да мүмкіндік береді»,– дейді Ә.Балташева.
Қазақстандықтар өз атында қанша электронды кілттің барын egov mobile қосымшасынан көріп, керек жағдайда сол жерден оны қайтара шығаруға тапсырыс бере алады.
comments powered by HyperComments
Есть что рассказать? Поделись с нами любым удобным для себя способом!
  • по телефону +7 7212 41 90 90
  • на e-mail info@ekaraganda.kz
или воспользуйтесь Онлайн-формой Сообщить!