#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
26 декабря
25 декабря
Есть что рассказать? Поделись с нами любым удобным способом!
  • Телефон: +7 7212 41 90 90
Высокие цены, проблемы общественного транспорта, ЖКХ, сфер образования и здравоохранения... Зачастую, хочется, чтобы о несправедливости узнали многие, поддержали, а, может быть, даже и помогли. Делитесь новостями в разделе «Горячая линия» и вас услышат Сообщить!
Миграционный отдел по обслуживанию населения филиала некоммерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Карагандинской области:
11 июня, 2020
НА РАССМОТРЕНИИ

Қарағанды облысындағы ХҚКО...

Қарағанды облысындағы ХҚКО бұрынғы жұмыс кестесіне қайта оралуда

Қарағанды облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары бұрынғы жұмыс кестесіне ауысады. Енді ХҚО дүйсенбі – сенбі аралығында сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Бұрын Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету штабының шешімі бойынша ХҚО жұмыс кестесі ДБ-ЖМ аралығында 09:00-ден 17:00-ге дейін және сенбіде 09:00-ден 14:00-ге дейін болған. Сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы ХҚО-ға тек egov.kz порталындағы арнайы сервис, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы кезекті алдын ала брондау арқылы баруға болады. ХҚО-ларда қарағандылықтар электронды форматта қолжетімсіз «қағаз» жүзіндегі қызметтер (106 көрсетілетін қызмет) мен egov.kz порталында алдын ала ресімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.
Бүгінгі таңда электрондық форматқа көшірілген және egov.kz порталында қол жетімді бүкіл мемлекеттік қызметтердің 80 %-дан астамын азаматтар тек өз бетінше немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ғана ала алады, олар енді бұрынғыдай ХҚКО ғимараттарында емес, әкімдіктер, оқу орындары мен медициналық ұйымдар және т.с.с. жерлерде орналасқан.
Қарағанды облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары төтенше жағдайдан кейін қызмет алушыларды 4 мамырдан бастап қабылдай бастағанын естеріңізге саламыз. Осы уақыт ішінде олар 95 мыңнан астам қызмет көрсетті, соның ішінде 25 мыңнан астамы – мамандандырылған ХҚО бойынша.
comments powered by HyperComments
Есть что рассказать? Поделись с нами любым удобным для себя способом!
  • по телефону +7 7212 41 90 90
  • на e-mail info@ekaraganda.kz
или воспользуйтесь Онлайн-формой Сообщить!