#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
27 декабря
26 декабря
Есть что рассказать? Поделись с нами любым удобным способом!
  • Телефон: +7 7212 41 90 90
Высокие цены, проблемы общественного транспорта, ЖКХ, сфер образования и здравоохранения... Зачастую, хочется, чтобы о несправедливости узнали многие, поддержали, а, может быть, даже и помогли. Делитесь новостями в разделе «Горячая линия» и вас услышат Сообщить!
Миграционный отдел по обслуживанию населения филиала некоммерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Карагандинской области:
05 мая, 2020
НА РАССМОТРЕНИИ

Қарағандылықтар халыққа қызмет...

Қарағандылықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезек уақытын алдын ала брондап бара бастады

Кеше Қарағанды қаласында халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын қайта жандандырып, жаңа форматта қызмет көрсете бастады.
Алғашқы жұмыс күні дәстүрлі ХҚО-мен авто ХҚО-да 654 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 60%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген. Қалғандары сол жерде бронь жасаған немесе операторлардың босауын күткен.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коронавирус пандемиясы қауіпінің сақталуына байланысты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа форматын ұсынды, оған сәйкес азаматтар ХҚО-дан тек «қағаз жүзіндегі» қызметтер мен онлайн түрде рәсімделген қызметтердің нәтижелерін ала алады.
Бұл ретте қызметтерді тек алдын ала жасалған брондау арқылы алуға болады. Халыққа қызмет көрсету орталығына кезек уақытын egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілеуге болады.
«Алғашқы күні 654 мемлекеттік қызмет көрсетілді, көбіне бұл - көлік құралын сату немесе сатып алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу және әлеуметтік төлемдерге байланысты қызметтер.», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Тілеубай Құсайынов.
Ол, сондай-ақ кезекке тапсырыс берген клиенттердің қатаң түрде белгіленген уақыт аралығында келу керектігін айтты, себебі бронь уақыты өтіп кетсе, қайта брондау рәсімін жасау керек. Сонымен қатар бронь барысында тіркелген ЖСН иесі ғана электронды кезекті пайдалана алады.
Естеріңізге сала кетейік, 4 мамырдан бастап төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен Қарағанды облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды.

comments powered by HyperComments
Есть что рассказать? Поделись с нами любым удобным для себя способом!
  • по телефону +7 7212 41 90 90
  • на e-mail info@ekaraganda.kz
или воспользуйтесь Онлайн-формой Сообщить!