#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
23 ноября
22 ноября

ОПРОС

Довольны ли вы качеством ремонта дорог в Караганде?
  • Да. Делают очень хорошо;(295)
  • Доволен/на качеством, но мешают постоянные пробки;(43)
  • Нет. Сразу видно, что делают плохо - через пару лет будут перекладывать;(268)
  • Сколько ни делай - толку не будет. Только деньги на ветер.(33)

«Береке бастауы – баспана!»

eKaraganda

Бүгін ел байрағын желбіретіп жүрген бірқатар даңқты спортшыларымыз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы атанды. Болашақта өз отбасын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында олар Қарағанды қаласындағы «Строителей даңғылы, 33» мекенжайында орналасқан №1 қызмет көрсету орталығына келіп, депозит ашты. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа салымшылары қатарында Қазақстаннан шыққан дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Максим Раков, дзюдошы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Тунисте өткен Гран-при кезеңіндегі алтын медаль иегері Жансай Смағұлов, самбо және дзюдодан ҚР спорт шебері Айдын Дәртаев болды. 

Өз сөзінде Максим Раков аталған қызмет көрсету орталығы барын достарынан естіп келгендігін айтады.

– Менің ойымша, пәтер иесі атанамын деген салымшылар үшін ең тиімді банк – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Сондықтан, бүгін арнайы келіп, мамандардан кеңес алдым. Банктің жұмыс жүйесімен, тиімді шарттарымен таныстым. Ойлана келе өзіме және балаларымның атына шот ашуды жөн көрдім. Сөйтіп, отбасылық пакет бойынша ақша жинауға шешім қабылдадым. Себебі, еліміздегі ең тиімді банк Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Болашаққа ұтымды инвестиция дегеніміз осы емес пе? Ең бастысы, енді еліміз бойынша ең төменгі пайызбен үй алу мүмкіндігім бар, – дейді Максим Раков.

Боз кілемнің үстінде ел намысын қорғап жүрген Жансай Смағұловтың ойы да Максимнің пікірімен ұштасып отыр.

- Өз баспанаңның болуы – әр адамның бойында ертеңгі күнге деген сенімді ұялатып, жарқын болашаққа жетелейтіні белгілі. Оған қол жеткізудің ең тиімді жолы - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашып, қаражат жинау екендігін жақсы түсіндім. Әсіресе, мені банктегі мамандардың қызметі, сауаттылығы мен өз ісіне деген жауапкершілігі қатты қуантты. Олар маған жан-жақты кеңес беріп, жеке шотымды ашуға барынша көмек көрсетті, – дейді Жансай Смағұлов.

Ал, татамидің үстінде талай палуанның жамбасын жерге тигізіп жүрген жерлесіміз Айдын Дәртаев жақында ғана шаңырақ көтерді. Сондықтан, ол үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шот ашып, болашақта өз үйіне қол жеткізу - өзекті мәселелердің бірі болатын.

– Үйленгеніме көп уақыт болған жоқ. Жас отбасымыз. Алдағы ойымыз - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспаналы болу. Банк ұсынған төменгі пайыз бен тиімді шарттар біз үшін өте маңызды. Азамат болған соң, басыңда баспана, ал отбасыңда береке болса екен дейсің. Менің ойымды жарым да құптайды деп сенемін. Бүгін, міне, жеке шотымды ашып, мамандардан қажетті кеңес алдым, – дейді Айдын Дәртаев.

Жерлес спортшыларымыз, сондай-ақ, достары мен ағайындарын, туыстары мен отандастарын да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тиімді шарттары бойынша баспаналы болуға шақырды. Бүгінде банктегі займ мөлшерлемесі жылдық 3,5%-5%-ды құрайды.

Жалпы, банк өнімдері жайлы ақпарат алып, депозит ашу үшін «Қарағанды қаласы, Строителей даңғылы, 33» мекенжайына хабарласуларыңызға болады. 

    • Рассылка: