#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
23 ноября
22 ноября

ОПРОС

Довольны ли вы качеством ремонта дорог в Караганде?
  • Да. Делают очень хорошо;(295)
  • Доволен/на качеством, но мешают постоянные пробки;(43)
  • Нет. Сразу видно, что делают плохо - через пару лет будут перекладывать;(269)
  • Сколько ни делай - толку не будет. Только деньги на ветер.(33)

«Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан білер»

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлтты біріктіріп, азаматтық ұқсастықты әрі қарай нығайтатын бағыт деп ойлаймын. Осы өте маңызды мақалада қазақтың ата бабалары Евразияның кеңістігіндегі саяси және экономикалық ахуалға қалыптасуына өте үлкен ықпал жасағаны туралы айтылады.

Ұлтымыздың белгілі ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Қасыңнан да, досыңнан да бірдей сақтан», - деген сөзі бар. Сақтанудың басы- өзіңе қатысты рухани құндылықтартарды түгендеп, кейінге мұра етіп қалдыру. 

Тарихымызды сонау түркі қағандығынан бастасақ, арғы аталарымыз сақтар болса, онда біз дүниежүзілік тарихта өшпес із қалдырдық. Ал сақтар ұлы А.Македонскийдің шығысқа деген жорығын тоқтатқан. Бесінші ғасырдан бастап Ұлы далада Ғұндар басшылық етті.Ал дүниежүзінде бңрңншң тұрақты әскер құрған ғұндар! Аттила бастаған ғұндар Рим империясының құлдырауына әкеліп, халықтарының қоныс аударуын бастады. Осыған байланысты славян, герман тайпалары жабық шаруашылықтан феодалдық қарым қатынасқа көшті. Осыдан кейін Англия, Франция, Германия елдері пайда болды. «Қытай ұлы қабырғасы» ғұндар шапқыншылыңына қарсы қорғаныс ретінде салынған. Крес жорығына қарсы шайқастарды ұймдастырған Мысырдың басшысы қыпшақ сұлтан Бейбарыс. Сөйтіп Колумбыға дейін әлемді жаһандандырған – көшпенділер!

Қазақтың ұлы ақыны М.Жұмабаев «Пайғамбар» өлеңінде ғұндар түріктердің аталары деген түсінік береді. Ал белгілі ғалымдар Н.Аристов және А.Бернштам түрік этногенезінің тамыры ғұндар деп есептейді. Ал орыс ғалымы В.Радловтың аутуы бойынша «Ұлы даланың көшпенді өмірі барлық қазақ тайпаларына сай батырлық рух, жауынгершілік қасиеттерін қалыптастырды».

Біздің заманымызға дейінгі VII-VI ғасырлар шамасында көшпелі скифтер арасынан шыққан данышпан Анахарсис бабамыз әгілі ғұлама Солонды сөзбен жеңіп, Платон және Аристотель сияқылармен иық тірескен. Басқасын былай қойғанда, гректер біздің сол бабамызға ескерткіш орнатып, тұғырына «Басқа пәле тілден» деген қанатты сөз жазуы тегінен – тегін болмаса керек. Ал Қорқыт атаның шығармалары бүкіл Шығыс елдеріне кеңінен тараған.Оның «Кітавә деде Қорқыт» атты еңбегі Ватикан мұражайында сақталып, 1952 жылы Римде жарық көрген, 1958 жылы түрік тілінде Анкарада басылып шықты.

Сөйтіп, Қорқыт атамыз: -«Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан білер»- деп айтқандай, көп мәдени жаңалықтар Ұлы далаға сырттан емес, көбінесе біздің жерімізден шығып, әрі қарай бүкіл әлемге тараған. Ал Ұлы Дала философиясы дүниежүзілік философиянығ бір үлкен құрамдас бөлігі екеніне көзіміз жетіп отыр.

Сондықтан, өз мәдениетін, салт дәстүрін сақтап мен қазақпын деген сезімді әр уақытта жүректе сақтау біздің міндетіміз! Осыған Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өз жетістіктеріміз бен ұлттық қасиеттерімізді ардақтап, терең түсіне білуге жетелейді.

Өткен тарихымызды бағалап, есте сақтап мен Ұлы Даланың азаматымың деген қасиетті сезімді жоғары ұстау - болашаққа оң көзқарас қалыптастырып, алдағы табыстардың кілті болатынына сеніміміз мол!

Нұра ауданы С.Сатыбалдин 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях