#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
23 ноября
22 ноября

ОПРОС

Довольны ли вы качеством ремонта дорог в Караганде?
  • Да. Делают очень хорошо;(295)
  • Доволен/на качеством, но мешают постоянные пробки;(43)
  • Нет. Сразу видно, что делают плохо - через пару лет будут перекладывать;(269)
  • Сколько ни делай - толку не будет. Только деньги на ветер.(33)

Шынайы, пайдалы кәсіппен айналысу! Өз ісіңе жауапкершілікпен қарау!

Хасенов Елтай – ассоциациямыздың басқарма кеңесінің мүшесі, көпшілік сүйсініп ішетін “UniTea” шай компаниясының директоры осындай өмірлік қағидаларды өзіне бағыт-бағдар еткен.

“Еңбек жолымызды сонау 90-шы жылдары бастадық. Еліміз, экономикамыз енді құрылып жатқанда, адамдарда көптеген тауарларға сұраныс болды. Сол мүмкіндікті көріп, халыққа керек заттарды әкеле бастадық. Шетелдегі компанияларды зерттеп, олармен қарым-қатынас байланыстырдық. Дәмді-тағам, кетчуп, майонез т.б. тауарларды алып сатумен айналыстық. Содан дистрибьютор болдық, уақыт өте келе өзіміз негізгі жеткізуші болғымыз келді. Сол кезде шайға сұраныс өте жоғары болған еді. Нәтижесінде, 2007 жылдан бастап шай компаниясы ретінде Қазақстан нарығында жұмысымызды бастап кеттік. Халықаралық саудамен айналысып, Кения, Индия елдерінен шай әкеле бастадық. 

Бастапқы уақытта қаржы мәселесі ең басты қиындықтардың бірі болды. Сыртқы нарыққа шыққанда, қаражат, сол деңгейге сай білім жетіспеді. Жеткізушілер, логистика, қосалқы қаражат мәселесінде біраз қиындықтар болды. Бірақ, қиындығына қарай нәтижесі, сыйы бағалырақ болатыны анық.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 22 қалада дилер, дистрибьюторларымыз бар. Ресейдің Орынбор, Саратов, Челябинск, Омск қалаларына өзіміздің шайларымызды экспорттаудамыз. Айта кететін бір жайт: Ресейде еліміздің шайлары жоғары деңгейде бағаланып, халықтың арасында кең танымал.

Алдағы уақытта шай сұрыптарымызды көбейтіп, географиялық жағынан өсіп, сапамызды жоғарлатып, халыққа керекті сұранысты беру жоспарда бар. Алдағы 5 жылғы мақсатымыз: Қазақстандағы сату көлемі, шай түрлері жағынан компаниялардың алғашқы үштігіне кіру.

ҚАЗКА арқылы көптеген тренингтер, стартап форумдар және бизнес сапарларда болдық. Осындай белсенділіктің нәтижесінде Москвада болған халықаралық ProdEXPO сайысында 2015 жылы “Үздік тауар” номинациясы бойынша “Долина Нанди” брендіміз алтын медаль иеленді. 2016 жылы “Ақман” шайы 1000 шақты стендтер, 105 компания ішінде 1 алтын 1 күміс иеленді. Жақында пайдалылығы 100% SES бағдарламасы арқылы Германиядан білікті маманды шақырттық. 3 апта ішінде стратегия, маркетинг, сату, компания құндылықтары аясында бірсыпыра іс жасалып, алдымызға нақты бағыт-бағдар қойдық.

ІСКЕРмен 5-6 жылдай танысып, жақсы жұмыстар жасап келеміз. Ассоциацияның басты бағыты қазіргі уақыттағы бизнестің қиындықтарын анықтап, ортаға шығарып, оны тиімді түрде шешу болып табылады. Мемлекетіміздегі өзгерістерді, трендтерді жариялап, ақпарат алмасатын портал болу керек.”

Достар, еліміздің әр өңірінде Ақман, Долина Нанди, Слон, Тэмбо маркаларындағы шайларды тауып, оның сапасы мен ерекшелігін бағалай аласыздар.

#isker #kazka #бизнес #unitea #чайнаякомпания #караганда #развитие 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях