#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
12 февраля
11 февраля

ОПРОС

Карагандинцы, заметили ли вы повышение цен на продукты в супермаркетах?
  • Конечно. Уже ощутимо бьёт по карману;(165)
  • Не почувствовал/а разницы(1391)

В Казахстане проходит акция по легализации имущества

eKaraganda

Основные условия проводимой акции

1 сентября 2014 года в Казахстане стартовала акция по легализации имущества.

Основанием для ее проведения является Закон Республики Казахстан от 30 июня 2014 года «Об амнистии граждан Республики Казахстан, оралманов и лиц, имеющих вид на жительство в Республике Казахстан, в связи с легализацией ими имущества» (далее – Закон о легализации имущества).

Срок легализации имущества начинается 1 сентября 2014 года и заканчивается 31 декабря 2015 года.

При этом срок подачи документов для предъявления имущества (кроме денег) к легализации начинается 1 сентября 2014 года и заканчивается 30 ноября 2015 года.

Лицами, имеющими право участия в данной акции, являются граждане Республики Казахстан, оралманы и лица, имеющие вид на жительство в Республике Казахстан, легализующие имущество в порядке, установленном законом.

К объектам легализации относятся следующее имущество:

деньги, ценные бумаги и доля участия в уставном капитале юридического лица.

строения (сооружения), соответствующие целевому назначению и строительным нормам и правилам. При этом земельные участки, на которых расположены легализуемые объекты, должны принадлежать субъектам легализации на праве собственности.

строения (сооружения), оформленные на ненадлежащее лицо.

недвижимое имущество, находящееся за пределами Республики Казахстан.

Легализации подлежит имущество, полученное (приобретенное) до начала проведения акции по легализации, т.е. до 1 сентября 2014 года.

Основными видами деятельности, доход (деньги) от которых возможно легализовать в рамках проводимой амнистии являются:

предпринимательская деятельность, не зарегистрированная официально (без регистрации, без получения лицензии и т.п.) и, соответственно, не обложенная налогами;

официально зарегистрированная предпринимательская деятельность, доход от которой был сокрыт от уплаты налогов различными способами и/или не задекларирован.

Не подлежит легализации имущество, полученное в результате отдельных преступлений. В их числе преступления против личности, конституционных и иных прав и свобод человека, основ конституционного строя и безопасности государства, а также в результате совершения коррупционных и иных правонарушений и преступлений против интересов государственной службы.

Преимущества проводимой акции

1. Проводимая акция позволяет субъектам легализации вернуть в легальный экономический оборот ранее выведенные из него деньги и иное имущество, что особенно актуально в свете предстоящего перехода к всеобщему декларированию доходов и имущества, а также общемировыми тенденциями по повышению прозрачности трансграничных операций и усилению взаимного обмена налоговой информацией между странами.

2. Легализованные деньги и имущество не признаются доходом для целей налогообложения и, соответственно, не облагаются подоходным налогом.

3. Процедура легализации имущества (кроме денег) позволяет зарегистрировать ранее незарегистрированное имущество (здания, сооружения и т.п.) либо изменить регистрационные данные (целевое назначение земельного участка и т.п.) в упрощенном порядке, путем подачи одного заявления в комиссию по легализации.

4. Механизм легализации денег предусматривает необходимость их зачисления на сберегательный счет (депозит), что позволяет получать по таким деньгам вознаграждение.

5. Если деньги не снимаются с депозита и не переводятся на другой счет в течение шестидесяти календарных месяцев начиная с даты внесения (перевода) денег на такой депозит, то у субъекта легализации не возникает обязанность по уплате сбора за легализацию имущества.

При этом, помимо хранения денег на депозите, существует также возможность их инвестирования в экономику путем:

приобретения государственных ценных бумаг, облигаций банков второго уровня, национальных управляющих холдингов и компании, институтов развития и акций в рамках Программы «Народное IPO», а также иных ценных бумаг, размещаемых на Казахстанской фондовой бирже.

приобретения объектов в рамках второй волны приватизации.

Если субъект легализации не хочет использовать вышеуказанные механизмы инвестирования, то он вправе распоряжаться своими деньгами на свое усмотрение с уплатой в бюджет сбора в размере 10 % от легализуемых денег.

6. Субъектам легализации гарантируется соблюдение тайны сведений, получаемых в ходе данной акции.

7. Субъекты легализации освобождаются уголовной и административной ответственности в связи легализацией имущества, подпадающего под требования Закона о легализации, а также от дисциплинарной ответственности за непредставление или представление неполных, недостоверных деклараций и сведений в соответствии с Законом Республики Казахстан «О борьбе с коррупцией».

Легализация имущества (кроме денег)

Для легализации имущества (кроме денег) необходимо подать заявление в комиссию по легализации.

Прием заявлений о легализации имущества (кроме денег) осуществляют комиссии при местных исполнительных органах (акиматах).

Прием заявлений о легализации имущества, находящегося за пределами территории Республики Казахстан, осуществляют комиссии при территориальных подразделениях Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан.

Адреса и номера телефонов вышеуказанных комиссий размещены на портале Электронного правительства egov.kz.

Легализация денег

Для легализации денег необходимо обратиться в отделение банка второго уровня либо АО «Казпочта».

Следует иметь в виду, что сберегательные счета в рамках проводимой акции открывают только те банки, которые указаны в списке, размещенном на интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан www.nationalbank.kz.

Для выбора банка рекомендуется ознакомиться с условиями открытия депозитов, размещенных на интернет-ресурсах соответствующих банков.

Перед походом в подходящий по условиям банк рекомендуется предварительно позвонить по телефону Call-центра выбранного банка с целью получения информации о ближайшем отделении, где оказываются соответствующие услуги.

На интернет-ресурсе Национального Банка размещен также перечень иностранных валют, по отношению к которым Национальным Банком устанавливается официальный курс тенге и в которых могут открываться сберегательные счета. Вместе с тем, следует иметь в виду, что возможность открытия сберегательного счета в той или иной валюте зависит от видов валют, с которыми работает тот или иной банк.

Субъектам легализации, намеревающимся инвестировать размещенные в банках в рамках легализации деньги, рекомендуется воспользоваться списком брокеров, уполномоченных на заключение договоров для инвестирования денег в рамках акции по легализации имущества, который также доступен на интернет-ресурсе Национального Банка.

Кроме того, на интернет-ресурсе Национального Банка можно также ознакомиться с ответами на часто задаваемые вопросы населения о способах легализации денег.


Өткізілетін акцияның негізгі талаптары

2014 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстанда мүлікті жария ету акциясы басталды.

Оны өткізуге «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мүлікті жария ету туралы заң) негіз болды.

Мүлікті жария ету мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Бұл ретте мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Заңда белгіленген тәртіпте мүлкін жария ететін Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар осы акцияға қатысуға құқығы бар адамдар болып табылады.

Мынадай мүлік жария ету объектілеріне жатады:

ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; нысаналы мақсатына және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін құрылыстар (ғимараттар). Бұл ретте жария етілетін объектілер орналасқан жер учаскелері жария ету субъектілеріне меншік құқығында тиесілі болуға тиіс;

басқа адамға ресімделген құрылыстар (ғимараттар);

Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік.

Жария ету акциясы басталғанға дейін, яғни 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін алынған (сатып алынған) мүлік жария етілуге жатады.

Мыналар:

ресми түрде тіркелмеген (тіркелмеген, лицензиясы жоқ және т.б.) және, тиісінше, салық салынбайтын кәсіпкерлік қызмет;

алынған кірісі түрлі тәсілдермен салық төлеуден жалтарылған және/немесе декларацияланбаған, ресми түрде тіркелген кәсіпкерлік қызмет түскен кірісі (ақшасы) жүргізілетін рақымшылық шеңберінде жария етуге болатын негізгі қызмет түрлері болып табылады.

Жекелеген қылмыстар нәтижесінде алынған мүлік жария етуге жатпайды. Олардың ішінде жеке адамға, адамның конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына, мемлекеттің конституциялық құрылысының негiздерi мен қауiпсiздiгiне қарсы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет мүдделерiне

қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасау нәтижесіндегі қылмыстар жатады.

Өткізілетін акцияның артықшылықтары

1. Өткізілетін акция жария ету субъектілеріне бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны және өзге мүлікті оған қайтаруға мүмкіндік береді, бұл алдағы кіріс пен мүлікті жаппай декларациялауға көшуге, сондай-ақ трансшекаралық операциялардың ашықтығын арттыру және елдер арасында салықтық ақпарат алмасуды күшейту жөніндегі жалпыәлемдік үрдістерге байланысты айрықша өзекті болып отыр.

2. Жария етілген ақша мен мүлік салық салу мақсаты үшін кіріс болып танылмайды және, тиісінше, оларға табыс салығы салынбайды.

3. Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету рәсімі бұрын тіркелмеген мүлікті (үйді, ғимаратты және т.б.) жария ету жөніндегі комиссияға бір өтініш беру арқылы жеңілдетілген тәртіпте тіркеуге не тіркеу деректерін (жер учаскесінің нысаналы мақсаты және т.б.) өзгертуге мүмкіндік береді.

4. Ақшаны жария ету тетігі оны жинақ шотына (депозитке) есептеу қажеттілігін көздейді, бұл осындай ақша бойынша сыйақы алуға мүмкіндік береді.

5. Ақша депозитке салынған (аударылған) күннен бастап күнтізбелік алпыс ай ішінде депозиттен алынбаса және басқа шотқа аударылмаса, жария ету субъектісінде мүлікті жария еткені үшін алымды төлеу міндеті туындамайды.

Бұл ретте, ақшаны депозитте сақтаудан басқа оны:

мемлекеттік бағалы қағаздарды, екінші деңгейдегі банктердің, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялардың, даму институттарының облигацияларын және «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларды, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алу;

жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде объектілерді сатып алу арқылы экономикаға инвестициялау мүмкіндігі де бар.

Егер жария ету субъектісі инвестициялаудың жоғарыда көрсетілген тетіктерін пайдаланғысы келмесе, онда ол жария етілетін ақшаның 10%-ы мөлшерінде бюджетке алымды төлей отырып, ақшасын өзінің қалауына қарай жұмсауға құқылы.

6. Жария ету субъектілеріне осы акция барысында алынатын мәліметтер құпиясының сақталатындығына кепілдік беріледі.

7. Жария ету субъектілері Жария ету туралы заң талаптарына сәйкес келетін мүліктің жария етілуіне байланысты қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дәйексіз декларациялар мен мәліметтерді ұсынғаны немесе толық ұсынбағаны үшін тәртіптік жауапкершіліктен босатылады.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету

Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету үшін жария ету жөніндегі комиссияға өтініш беру қажет.

Мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы өтініштерді қабылдауды жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) жанындағы комиссиялар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі мүлікті жария ету туралы өтініштерді қабылдауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік комитеті аумақтық бөлімшелерінің жанындағы комиссиялар жүзеге асырады.

Жоғарыда көрсетілген комиссиялардың мекенжайлары мен телефондары Электрондық үкіметтің egov.kz порталында орналастырылған.

Ақшаны жария ету

Ақшаны жария ету үшін екінші деңгейдегі банктің не «Қазпочта» АҚ-тың бөлімшесіне өтініш беру қажет.

Өткізілетін акция шеңберіндегі жинақ шоттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған тізімде көрсетілген банктерде ғана ашылатындығын назарда ұстау қажет.

Банкті таңдау үшін тиісті банктердің интернет-ресурстарында орналастырылған, депозиттерді ашу талаптарымен танысқан жөн.

Талаптары қолайлы банкке барар алдында тиісті қызмет көрсетілетін жақын жердегі бөлімше туралы ақпарат алу мақсатында таңдалған банктің Call-орталығының телефонына алдын ала хабарласқан жөн.

Ұлттық Банктің интернет-ресурсында Ұлттық Банк оларға қатысты теңгенің ресми бағамын белгілейтін және жинақ шоттары ашылатын шетел валюталарының тізбесі де орналастырылған. Сонымен қатар қандай да бір валютада жинақ шотын ашу мүмкіндігі банк жұмыс істейтін валюталар түрлеріне байланысты болатындығын ескеру қажет.

Жария ету шеңберінде банктерде орналастырылған ақшаны инвестициялағысы келетін жария ету субъектілері мүлікті жария ету акциясы шеңберінде ақшаны инвестициялау үшін шарттар жасасуға уәкілетті брокерлердің тізімін пайдаланғаны жөн, ол тізім де Ұлттық Банктің интернет-ресурсында орналастырылған.

Сонымен қатар Ұлттық Банктің интернет-ресурсында ақшаны жария ету тәсілдері туралы халық жиі қоятын сұрақтардың жауаптарымен де танысуға болады. 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях