#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
19 ноября
18 ноября

Балгерлер мен көріпкелдердің жұмысы реттеліп жатыр ма, және оларға шенеуніктер жолыға ала ма?

Регулируют ли работу гадалок и ясновидящих и могут ли к ним обращаться чиновники

 «Емшілік және дәстүрлі медицина қызметтерін көрсету үшін «дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, қолмен емдеу, рефлексті терапия, шөппен емдеу және табиғи өнімдермен емдеу» тармағы бойынша лицензия, сондай-ақ жоғары медициналық білім және «Дәстүрлі терапия (рефлексті терапия, қолмен емдеу, су-джок терапиясы, гомеопатия, гирудотерапия, шөппен емдеу)» мамандығы бойынша сертификат қажет. Сондай-ақ, Комитет балгерлердің, көріпкелдердің, бақсылардың қызметін реттемейді», - деп Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

 
Яғни, іс жүзінде олардың жұмысын ешбір мемлекеттік орган реттемейді.
 
Сондай-ақ тілшілер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік мәселелерді шешу үшін жұмыстан тыс және жұмыс уақытында көріпкелдер мен балгерлердің қызметіне жүгіне алуы туралы және оларға тыйымның бар-жоғын Мемлекеттік қызмет істері агенттігінен анықтады.
 
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда мемлекеттік қызметшілердің жеке өміріне қатысты шектеулер жоқ. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілерге қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, қарапайымдылық таныту, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің қызметтік жағдайын баса көрсетпеу немесе пайдаланбау, сондай-ақ қоғамдық адамгершілікке қол сұғумен байланысты қоғамға қарсы жүріс-тұрыс жағдайларына жол бермеу бөлігінде қызметтік этика нормалары ұсынылады», - деп хабарлады агенттік.
  • Рассылка: 






Предложить новость
Мы в соцсетях