#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
07 ноября
06 ноября

ОПРОС

Карагандинцы, заметили ли вы повышение цен на продукты в супермаркетах?
  • Конечно. Уже ощутимо бьёт по карману;(1101)
  • Не почувствовал/а разницы(1424)

Білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды

Білім беру саласының өзекті мәселелері  талқыланды Фото: «Әділет»

Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы колледжде профессор-оқытушылар құрамымен үгіт-насихат кездесуі өтті. 

Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Ербол Исмаилов, Абай Калыков, Наиль Мунасипов, Алтай Елжасов, Данияр Сакенов, Асель Ыдрышканова және Газиза Улыкманова қатысты. 

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және жастарға сапалы білім мен кәсіби бағдар беру мәселелері сөз болды.

Кандидаттар профессор-оқытушылар құрамының пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.

«Білім беру саласының дамуы – елдің болашағына салынған инвестиция. Сондықтан білім сапасын арттырумен қатар, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, оқу орындарының мүмкіндіктерін кеңейту және жастардың еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына қолдау көрсету маңызды», – деді кандидат Данияр Сакенов.

Кездесуге 80-ге жуық адам қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі. Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков. Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды. 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях