#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
27 июля
26 июля

ОПРОС

Карагандинцы, заметили ли вы повышение цен на продукты в супермаркетах?
  • Конечно. Уже ощутимо бьёт по карману;(536)
  • Не почувствовал/а разницы(1403)

Теміртаудағы тігіншілердің құқықтары қорғалған ба – «Әділет» өкілдері «Qarmet Service» компаниясына барды

Теміртаудағы тігіншілердің құқықтары қорғалған ба – «Әділет» өкілдері «Qarmet Service» компаниясына барды Фото: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Теміртау қаласына келді. Құрылтай депутаттығына кандидат, «Qarmet» компаниясының басшысы Вадим Басин мен кандидат Асылжан Төлегенов «Qarmet Service» компаниясының ұжымымен кездесіп, жұмысшылардың көкейіндегі сұрақтарына жауап берді.  

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі хабарлағандай, кандидаттар «Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Айта кетейік, партия сайлауалды бағдарламасында өңірлерді дамыту, өңірлердегі өндірістерді жаңғырту және еңбек адамдарын әлеуметтік жағынан жан-жақты қорғауға басымдық беріп отыр. Сондықтан да, «Qarmet Service» ұжымындағы кездесу өзекті болғаны сөзсіз. 

«Өнеркәсіп саласы – өңір экономикасының негізгі тірегінің бірі. Сондықтан өндіріс орындарындағы еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау шараларын күшейту біздің бағдарламамыздағы маңызды бағыттардың бірі», – деді Вадим Басин.

Айтып өткеніміздей, кеншілермен болған кездесу еркін форматта өтті. Қызметкерлер көбіне жұмыс орнында қауіпсіздік талаптарын сақтау, кадрларды даярлау, әлеуметтік қолдау және өндірістің тұрақты дамуына қатысты өзекті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізген.
Кездесу кезінде компания қызметкері Ерлан Нұрмағанбетов ұжым үшін партия кандидаттарымен еркін әңгіме құру өте маңызды екенін айтқан.

«Біз үшін өзекті мәселелерді тікелей кандидаттарға жеткізіп, нақты жауап алу маңызды. Осындай кездесулер жұмысшылардың пікірін ескеруге және өндіріс саласындағы түйткілді мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді», – деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Qarmet Service» компаниясы «Qarmet» металлургиялық комбинатының құрамына кіретін негізгі сервистік компаниялардың бірі.

Компания негізінен «Qarmet» жұмысшылары үшін арнайы жұмыс киімін тігеді, яғни, өзінің арнайы тігін цехтары бар. Бұдан басқа, сервистік компания өндіріс орындарында қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырады, комбинатқа қажетті тұрмыстық және логистикалық-сервистік қызмет көрсетеді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях