#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
26 апреля
25 апреля

ОПРОС

Карагандинцы, заметили ли вы повышение цен на продукты в супермаркетах?
  • Конечно. Уже ощутимо бьёт по карману;(328)
  • Не почувствовал/а разницы(1397)

Қарағандыда жас музыканттардың есептік концерті өтті

Қарағандыда жас музыканттардың есептік концерті өтті Фотосуреттер концерт ұйымдастырушылары ұсынған
eKaraganda

25 сәуір күні Қарағанды қаласы «Қасым Аманжолов атындағы балалар музыка мектеб» КМҚК филиалдарының есеп беру концерті «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде өтті, ekaraganda.kz тілші хабарлайды. 

Қарағанды Қаласында аталған мектептің төрт филиалы жұмыс істейді, атап айтқанда «Бауыржан Момышұлы атындағы ЖББМ» КММ, «Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ» КММ, № 14 мектеп-гимназиясы КММ, № 24 ЖББМ КММ.

Осы филиалдар бойынша жалпы 223 оқушы білім алады, 23 мұғалім сабақ береді, филиал меңгерушісі бар. Оқушыларға музыкалық білім беруде дәстүрлі ән, эстрадалық вокал, домбыра, жыршы-жырау, қобыз, қыл-қобыз, флейта, фортепиано, дәстүрлі ән сыныптары жұмыс жасайды.

Биылғы оқу жылының жалпы қорытындысы ретіндегі есептік концерт жоғары деңгейде өтіп, оқушылар жыл бойғы үйренген өнерлерін ортаға салды. Ата-аналар балаларының өнерін тамашалап, ұжымға үлкен алғыстарын айтты. Өнер өлкесіне қанат қаққан шәкірттердің орындаған шығармаларына жиналған қауым зор қошемет көрсетіп, қадамдарына сәттілік тіледі.

Фотосуреттер концерт
ұйымдастырушылары ұсынған 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях