#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
23 ноября
22 ноября

ОПРОС

Довольны ли вы качеством ремонта дорог в Караганде?
  • Да. Делают очень хорошо;(295)
  • Доволен/на качеством, но мешают постоянные пробки;(43)
  • Нет. Сразу видно, что делают плохо - через пару лет будут перекладывать;(268)
  • Сколько ни делай - толку не будет. Только деньги на ветер.(33)

«Қазақмыс» биылғы жылдың 9 айында қандай нәтижелерге қол жеткізгенін жария етті

NUR.KZ

Қазақстандағы ірі мыс өндіруші саналатын "Қазақмыс корпорациясы" 2021 жылдың 9 айындағы жұмыс нәтижелерін жария етті. Компания кен өндіру бойынша өндірістік жоспарды 104,7% орындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Компания ақпаратына сенсек, 2021 жылдың 9 айында барлығы 22 миллион 714 мың тонна кен өндірілген. Бұл 2020 жылдың 9 айында тіркелген өндіру фактісінен жоғары (21 млн 620 мың тонна) көрсеткіш. 

Ал жарты жылдың қорытындысы бойынша өндірілген кендегі мыстың орташа құрамы 0,95% құрап, жоспарланған 0,90%-дан асып түскен.

Сондай-ақ ағымдағы жылдың 9 айында "Қазақмыс" байыту фабрикалары 23,4 миллион тонна кен өңдеген.

Аталмыш мерзімде компания өндіріс бойынша келесі көрсеткіштерге қол жеткізгенін алға тартты:
- катодты мыс -166,7 мың тонна;
- құйма алтын - 4 394 келі, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 4 254 келі болып, өндіріс көлемі 140 келіге ұлғайған (+3,29%);
- құймалар мен түйіршіктердегі күміс - 207 748 келі. Бұл орайда жоспарлы көрсеткіштердің 10 761 келіге артуы (+5%) тіркеліп отыр;

«9 айдағы корпорация қызметінің көрсеткіштерін айтарлықтай табысты дей аламыз, біз алға қойған жоспарларды асыра орындадық. Жалпы, жыл қорытындысы бойынша осы жылға жоспарланған көрсеткіштен асып түсуді мақсат етудеміз. Әрине, бұл шекті меже емес. Бізге көп жағдайда жаһандық нарықтағы мыс бойынша баға конъюнктурасы және әлемдік нарықтардағы металымыздың тапшылығы көмектеседі, сондықтан бізде өндірісті ұлғайту үшін негіз бар», - дейді "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин.

Айта кетсек, компания құрамында – он үш кеніш, төрт байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі, отын-энергетика кешені кәсіпорындары бар.

2020 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Катод эквивалентінде 258,36 мың тонна мыс өндірді.
Сонымен қатар «Қазақмыс» әлемдегі ең ірі күміс өндірушілердің бірі болып табылады. 2020 жылы комапнияда 262,2 тонна тазартылған күміс өндірілді.

 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях