#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
23 ноября
22 ноября

ОПРОС

Довольны ли вы качеством ремонта дорог в Караганде?
  • Да. Делают очень хорошо;(295)
  • Доволен/на качеством, но мешают постоянные пробки;(43)
  • Нет. Сразу видно, что делают плохо - через пару лет будут перекладывать;(268)
  • Сколько ни делай - толку не будет. Только деньги на ветер.(33)

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Nur Otan партиясынан Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Марат Кеңесұлы Ибатовтың сенімді өкілдері Бұқар Жырау ауданының шағын және орта бизнес өкілдерімен үгіт-насихат кездесуін өткізді, онда кандидаттың сайлау алды бағдарламасымен таныстырды.
Мемлекеттің экономикаға қатысуын 14%-ға дейін қысқарту, бизнес және бәсекелестікті дамыту кедергілерін жою есебінен шағын және орта бизнес үшін қызмет аясы кеңейтіледі. 

Өңірде инвестицияларды тиімді салу, жаңа озық технологияларды енгізу, өндірісті қазіргі заманғы жабдықтармен және жоғары өнімді техникамен жарақтандыру есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие халық тұтынатын тауарлар өндірісінің артуы қамтамасыз етіледі.

10 ірі туристік кластерді дамыту есебінен ЖІӨ-дегі туризм үлесін 8%-ға дейін жеткізу қамтамасыз етілетін болады.
IT-саласында инвестициялар 6 есеге, 500 млрд. теңгеге дейін, деректерді өңдеу және сақтау саласында ұлғаяды және 1000-нан астам жаңа IT-компаниялар құрылатын болады.

Өз бизнесін ашу үшін 50 мың азаматқа, оның ішінде 42 мың ауыл тұрғынына жалпы сомасы 250 млрд. теңгеге микрокредиттер берілетін болады.

Шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылғандар саны 3,5-тен 4 млн.адамға дейін, ал оның ЖІӨ-дегі үлесі 30-дан 35%-ға дейін өседі.

Салық кодексіне салықтар мен төлемдердің санын қысқарту, салықтарды есептеу тәртібін оңайлату бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады.

Тұтастай алғанда, мемлекет орта таптың негізі, экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновациялардың, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығының негізгі жолсерігі болып табылатын бизнеске жан-жақты қолдау көрсететін болады.
Кездесу барысында сенім білдірілген адамдар сұрақтарға жауап беріп, сайлаушылардың талаптарын жазып алды.
«Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасы адамдардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын нақты жақсартуға бағытталған!

«Nur Otan» партиясының Қарағанды облыстық

филиалының сайлау қорынан төленді 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях