Календарь событий

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
Бір түп алма ағаш... Премьера!
Купить билет
Время:
12 декабря 2025., 20:00
Стоимость:
3000–5000

Өтетін орны: Қарағанды қаласы, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры (Кіші зал) , Бұқар Жырау даңғылы, 25

Автор: Ә.Оразбеков

Премьера күні:12 желтоқсан, 2025 жыл

Режиссёр: Д. Еспаев

Актерлар: Баян Мамитова, Аңсаған Сәдуақас, Сұңқар Айдос, Ботакөз Мұғиын, Төлеген Қозы,  Ханзада Саттар, Әділет Совет

Жанр: драма

Ұзақтығы: 1 сағат 20 минут

Жас санаты: 12+

«Бір түп алма ағаш» – әр қазақ отбасының ішіндегі қансыраған жараны қозғайтын драма. Жылдар бойы бас қоспаған бауырлар шаңырақтың кенжесі  Мақсаттың шақыруымен аналарының   60-жылдығында бас қосады... Алайда ойланбай айтылған бір ауыз сөз, ағайындар арасындағы ескі жараны қозғап, аяғы өліммен аяқталады...Тозып бара жатқан үй, өкпе-назға толы әңгімелер… Ал ортасында – аналары Дәметкен және мүгедек болып қалған кенже ұл Мақсат. Оқиғаның символы – тамырынан айырылса сола бастайтын бір түп алма ағашы.  Бозторғайдай шырыл қаққан Мақсаттың үні неліктен аға-әпкелерінің жүректеріне жетпеді, неліктен тоң боп қатқан бауырлардың көңілдеріндегі мұзды ерітпеді? Біз қай уақытта түп қазығымыз- салт-дәстүрімізден қол үзіп қалдық? Қарға тамырлы қазақ неге бір-біріне бөтен-бөтен емес-ау жауға айналып бара жатыр? Бұл спектакль сіздің жан дүниеңізді сілкілеп, көңіл тұңғиығыңызды тазартып, жақындарыңызға жаңаша бір жылулықпен қарауға итермелейтін қойылым!

 


comments powered by HyperComments