Лента событий
- "Блатные" автономера можно передать родным и сохранить при переезде в другой город
- Обязательная маркировка лекарств приведет к закрытию небольших аптек в РК
- Новые изменения в Правила дорожного движения
- Соцвыплата "за вредность" назначена почти 6000 казахстанцам
- На 81 млн тенге оштрафовали в Казахстане тех, кто нарушает права инвалидов
- Что станет гарантом "цифровых прав" казахстанцев
- Выход из гражданства РК через посольства: вносятся изменения
- В Казахстане растёт производство фильмов и количество киностудий
- Сколько в Казахстане стоят кефир, морковь и гречка?
- Топ-25 нужных профессий до 2030 года в Казахстане: кто точно без работы не останется?
- На какую помощь может рассчитывать казахстанец при утере статуса ОСМС
- За 20 лет площадь лесов в мире уменьшилась почти на миллион квадратных километров
- О каких сюрпризах в ПДД должны знать водители в Казахстане?
- Кинологи рассказали, куда чаще всего клещи кусают собак
- Казахстан тратит на оборону на уровне самых бедных стран
- Два человека погибло, десять в больнице: в Карагандинской области произошло ДТП
- Казахстан оказался ниже африканских стран в рейтинге свободы прессы
- Пенсии казахстанцев могут освободить от налога
- Унисекс-имена носят почти 600 тысяч казахстанцев
- Правила использования ЭЦП изменились в Казахстане
- Как проходит работа над многотомником по истории Казахстана
- Количество читающих школьников в Казахстане увеличилось
- До 2,5 млрд кубометров воды будут собирать 20 новых водохранилищ в Казахстане
- Китайские машины начнут собирать в Казахстане
- При каких заболеваниях можно получить освобождение от дактилоскопической регистрации
- Аким Караганды поздравил горожан с Днем защитника Отечества
- Медуслуги станут доступнее: Минздрав приступает к повышению тарифов
- Какие ввезённые из-за границы товары признают предметами личного пользования в Казахстане
- Неотложная медпомощь в акушерстве: Минздрав внедряет новые подходы
- В карагандинском театре Станиславского в День Победы пройдет праздничный концерт
- Домашних тиранов обяжут проходить психологическую коррекцию
- Казахстанские дети начали измерять качество воздуха
- О реальном спросе на айтишников в Казахстане рассказали аналитики
- Казахстанцы празднуют День защитника Отечества
- Токаев поздравил казахстанцев с Днем защитника Отечества
- Потепление ожидается почти на всей территории Казахстана
- Школьный музей боевой и трудовой славы имени Курьяновых открылся после модернизации в Сарани
- Более 300 владельцев скота привлекли к ответственности в Карагандинской области
- Новые правила ПДД начали действовать в Казахстане
- Более 77 тысяч мест будут созданы в дошкольных организациях в этом году
- Карагандинцев с подозрительными родинками приглашают обследоваться
- Как отметят День Победы в Караганде
- Аким Караганды пообещал уход за посаженными деревьями
- В Шахтинске состоялся областной турнир по қазақ күресі
- Ермаганбет Булекпаев поздравил ветеранов с предстоящим Днем Победы
- В борьбе с паводками помогают студенты Карагандинского вуза
- Строительство автодороги «Караганда – Балхаш»
- Воспитанники Карагандинского спеццентра для детей завоевали Гран-при на международном музыкальном конкурсе
- Два крупных пожара произошло в Карагандинской области за сутки
- В Караганде сбили пешехода, переходившего дорогу в неположенном месте
- Карагандинские спасатели закончили бороться с паводками в ЗКО
- Долгожданная встреча: “День открытых дверей” состоялся в карагандинской колонии
- Эксперт оценил закономерность исхода матча аутсайдеров КПЛ
- "Канело" вспомнил о Головкине сразу после жёсткого боя за "абсолют"
- Михаил Ломтадзе создаст детскую футбольную академию мирового уровня
- Матч между карагандинским «Шахтером» и кызылординским «Кайсаром» закрыл седьмой тур КПЛ
- В карагандинском зоопарке родился еще один малыш-пони
- Начался прием заявлений на основное ЕНТ: что важно знать абитуриентам
- Юбилейная Garage Sale в Караганде. Фоторепортаж
- Карагандинский ЭкоМузей приглашает на интересные встречи с учёными
- Самой позитивной новостью апреля стало рождение в карагандинском зоопарке медвежонка
- В честь Дня победы: ветеранам ВОВ в Казахстане выплатили более 180 млн тенге ($421 тыс.)
- 12 мая состоится концерт карагандинского симфонического оркестра
- Работы на шахте имени Костенко в Караганде возобновили после инцидента
- Токаев наградил электрослесаря шахты имени Костенко
- Аким Караганды проверил отремонтированные мусорные площадки
- Какой сегодня праздник в мире и Казахстане: 6 мая
ОПРОС
- Да, уже не чувствую разницы;(50)
- Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(268)
- В целом, да, но зачем это было нужно?(65)
- Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(16)
Бұрғылаушы Бақытжан Қазбеков: Менің жұмысым – шахта
Бақытжан Қазбеков – үшінші буын кеншісі, ол кен өндіру кәсібінің елге қаншалықты қажет екенін бала кезінен біледі. Сол себепті, таңдаған жолының қауіптілігі мен қиындығына қарамастан, еш ойланбастан тау-кен мамандығына оқуға түсті.
Бақытжан Қазбеков Западный кенішінде №2 учаскесінің бұрғылаушысы болып жұмыс істейді.
«Мен төрт жыл Сәтбаев қаласындағы №1 тау-кен училищесінде оқып, 1997 жылы «Южный» шахтасының жер бетіндегі электр цехына тәжірибеден өтуге келдім. Төртінші курста бізді шахтаға түсірді... Тәжірибеден кейін осында жұмысқа қалдым, бүгінде 24 жыл бойы бұрғылаушы болып жұмыс істеймін. Бірінші рет, әрине, жер астында жүру қорқынышты болды – қауіпті жұмыс. Жұмысқа майданға кеткендей аттанады. Бірақ біз кеніштен қорықпай, жұмыс істеуіміз керек. Менің жұмысым – шахта», - дейді ол.
Ол өз ісінің шебері болуына көмектескен барлық тәлімгерлерінің есімдерін жадынан шығармайды. Қазір олар зейнеткерлік демалыста, осында Сәтбаев қаласында тұрады. Оған бағыт-бағдар беріп, кенжарға басшылық етуді үйреткен солар еді. Тәлімгерлері берген маңызды кеңестердің бірі – төбені дұрыс бақылау. Ол күні бүгінге дейін бұл кеңесті есінен шығармауға тырысады, себебі «басты қауіп әдетте төбеден төнеді».
«Мен үш жыл көмекші қызметін атқардым. Алғашында осындай қымбат техникаға отыру кезінде үлкен жауапкершілік пен қорқыныш сезімі болады. Біз техниканы ұқыпты ұстауға тырыстық. 2002 жылдан бастап өздігімнен бұрғылауды бастадым, 2006 жылы жақсы жұмыс істегенім үшін «Кенші даңқы» төсбелгісімен бірінші рет марапатталдым, 2010 жылдан бастап 2-ші учаскенің бригадирі болып тағайындалдым, 11 жылдан бері бригаданы басқарып келемін. 2018 жылы 2-ші дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісін және жақында шахтер күні қарсаңында жақсы нәтиже көрсетіп, қажырлы еңбек сіңіргенім үшін 1-ші дәрежелі төсбелгісін алдым. Адал жұмыс атқару керек, бос жүріспен марапатқа ие бола алмайсыз», - деді кенші.
Жұмыс істеп жүргеніне 24 жылдың жүзі болған Бақытжан Қазбеков «Қазақмыс» корпорациясының тәлімгерлік бағдарламасы бойынша бірталай мамандарды дайындады: ол жаңадан келген мамандарға кәсіптің барлық қыр-сырын үйретті. Кейбіреулері қазір онымен иық тірестіруде.
«Қазір менде дайындық ауысымы бар – таңертең сағат 06.30-да үйден шығып, 16.00-17.00-ге дейін жұмыс істейміз, жұмыс жүріп жатқандықтан кешігіп жататын жайымыз да болады. Міндетімізді атқармай үйге кетпейміз, бәрін аяқтауға тырысамыз, жұмыс жарты жолда тоқтап қалса, біз ешқандай жоспарды орындай алмаймыз. Күнделікті жоспар әзірге 2100 тонна көлемді шығару, ауысыммен бұрғылау – бұрғылаушыға 100-110 ұңғыма бұрғылау – бұл қалыпты жоспар. Күнделікті 200-210 ұңғыма бұрғылау керек. Шәкірттерім бүгінде менімен бірге осы шахтада бұрғылаушы болып еңбек етуде. Көмекші болғандар да қазір бригадирлер, екі шәкіртім дәлізде жұмыс жасайды. 4-ші учаскеде бригадир болып жүргендер де менің шәкірттерім, көмекшілерім болған. Жауапкершілігі мол жас мамандар алға қойған мақсаттарын орындайды. Десе де, менің де адал еңбек етіп, үлгі болуым абзал. Денсаулық болса, осы жерден зейнетке шығамын», – деп жоспарлайды Бақытжан.
Бригадада бәрі жұмыла жұмыс жүргізеді дейді ол. Тәжірибелі бұрғылаушыны бәрі құрметтейді, ол да өз әріптестеріне құрметпен қарайды.
«Бізде жалқауларға жол жоқ, менде ондай адамдар табылмайды, жігіттер өз жұмыстарына жауапты. Әрине, ең алдымен өзіміз үшін де жауаптымыз - қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек», - деп баса айтты ол.
Мұны бәрі түсінеді: өйткені үйінде әйелдері мен балалары күтіп отыр. Бақытжан бос уақытының барлығын үйде, жақындарының қасында өткізуге тырысады. Олармен қалада серуендегенді немесе табиғатқа шыққанды ұнатады.
Бақытжан кеншілер әулетінен – атасы шахтада, ата-анасы мен нағашылары да «Қазақмыс» корпорациясында жұмыс істейді. Төрт баласының бірі әкелерінің ісін жалғастыруды ұйғарса, бақытты болар едім дейді.
«Жұбайым – менің серіктесім, әріптесім. Ол мектепте жұмыс істейді. Үлкен ұлым Жезқазған қаласындағы байыту фабрикасында электрик болып еңбек етеді, үлкен қызым 11-сыныпта, екінші қызым 6-сыныпта, кенже ұлым 3-сыныпта оқиды. Балаларым мектеп, университет немесе колледж бітірген соң осы корпорацияда жұмыс істегісі келсе, мен оларды қолдаймын. Отбасымыздың әулетінің үзілмейтініне қуанамын. Мен «Қазақмыс» корпорациясының «Западный» кенішінде, №67 шахтада ұңғыма бұрғылаушы болып жұмыс істеп, ел үшін кен өндіріп жатқанымды мақтан тұтамын. Қаламызда жұмыс істеп, отбасымызды асырауға мүмкіндік беретін осындай өндірістің барына қуаныштымын. Өндірістің өсіп-өркендей беруін, жұмыс орындарының саны көбейе түсуін тілеймін», - деп түйіндеді ол.