#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
20 ноября
19 ноября

ОПРОС

Довольны ли вы качеством ремонта дорог в Караганде?
  • Да. Делают очень хорошо;(295)
  • Доволен/на качеством, но мешают постоянные пробки;(43)
  • Нет. Сразу видно, что делают плохо - через пару лет будут перекладывать;(262)
  • Сколько ни делай - толку не будет. Только деньги на ветер.(33)

Қарағанды облыстық филиалының төрағасы тағайындалды

Қарағанды облыстық филиалының төрағасы тағайындалды

«AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының Төрағасы болып Алтынбеков Бекзат Комарұлы сайланды. 

Алтынбеков Бекзат Қомарұлы 1973 жылы 8 сәуірде Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген.
2007 жылдың маусым айынан «AMANAT» партиясының мүшесі. 

1980-1990 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Қоңырат кеңшарындағы Қ.Нұржанов атындағы орта мектебінде білім алған. Екі жоғары білімі бар.

А.Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1992 жылы «Арқа еңбеккері» газетінде тілші болып бастады.

1992-1993 жылдар аралығында Жезқазған облыстық теле-радио комитетінің Ақтоғай аудандық радиосында тілші-корреспондент болып қызмет атқарған.

1993-1997 жылдар аралығында Жезқазған облыстық теле-радио компаниясының тілшісі, теле жүргізушісі қызметтерін атқарған.

1997-2001 жылдар аралығында Жезқазған қаласының №13 орта мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2001-2004 жылдар аралығында Талдықорған заң колледжінің Жезқазғандағы филиалының директоры.

2006-2009 жылдары Қазақ қатынас жолдары университетінің Жезқазған аймағында қашықтықтан оқыту орталығының директоры қызметтерін атқарған.

2009 жылдан Жезқазған бизнес және көлік колледжінің құрылтайшысы.

Алтынбеков Бекзат облыс жұртшылығының арасында беделі жоғары, ол аймақтың қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде қатысады, партияның белсенді мүшесі.

Жезқазған қалалық маслихатының екі шақырылымының депутаты. Қарағанды облыстық мәсихатының VI, VII шақырылымдарының депутаты.

«AMANAT» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі. Партияның Қарағанды облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы болды.

Алтынбеков Бекзат Қомарұлы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ұлттық «Алтын жүрек» сыйлығының иегері, мемлекеттік марапат «Шапағат» медалімен, «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін», «Ұлт мақтанышы» медалімен, «Жомарт жан», «Қоғам қайраткері» төс белгілерімен марапатталған.

 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях