Лента событий
- Наркозависимые в Казахстане не могут позволить себе дорогостоящую реабилитацию - эксперт
- Казахстану угрожает засуха
- Миллиарды тенге долга за топливо накопили ТЭЦ Казахстана
- Казахстан вошел в 30-ку стран с самыми низкими ценами на жилье
- Управдом – друг человека: в РК изменили требования к управляющему многоквартирным домом
- Как не отравиться в жаркую погоду, рассказали в Минздраве РК
- Владельцам старых автомобилей в РК вдвое снизят налог на транспорт
- Названы регионы в Казахстане с наибольшим количеством ветхого жилья
- Общежития колледжей в Казахстане попали под постоянный контроль
- Какие методы для борьбы с буллингом в Казахстане предлагают эксперты
- Когда в Казахстане реформируют ветеринарную службу, ответил министр
- Сколько казахстанцев вакцинировались против клещевого энцефалита?
- Нарушение тишины: в каких городах Казахстана больше всего шумных соседей
- Кто примет решение по отмене налога при снятии пенсионных накоплений из ЕНПФ
- В какие страны уезжают учиться казахстанские студенты
- Сенсационную находку обнаружили во время экспедиции в Казахстане
- Когда казахстанцы будут путешествовать в комфортабельных поездах
- Мужья годами не хотят сдавать сперму: какую помощь оказывают в Центре планирования семьи
- Новый вид растения обнаружили в Казахстане
- Средний размер пенсии казахстанцев озвучили в Минтруда
- Кому запретили брать кредиты в Казахстане из-за нового закона
- Депутат подверг критике «унизительную» процедуру установления инвалидности в РК
- Сколько работников сферы образования поймали на взятках в Казахстане
- Дожди с грозами и спад жары: прогноз «Казгидромета» на конец июня и первый день июля
- Цифровая карта граждан с ограниченными возможностями появится в Казахстане
- Грабителя, отобравшего у молодого человека мобильник, задержали в Караганде
- Каким транспортом лучше передвигаться между городами? Советы от inDrive
- Распространение видео о неизвестном вирусе в Караганде: что говорит официальная информация
- Требования для водителей автобусов снижают в Казахстане
- Портрет Абая Кунанбаева написал осужденный из Караганды
- Внеплановая проверка на шахте Qarmet выявила нарушения
- Женщину, задолжавшую микрокредитной организации 14 млн тенге, выявили в Караганде
- Почти 8500 казахстанцев получают специальную социальную выплату
- «Гимн любви» на сцене Караганды
- Геннадий Головкин шокировал казахстанцев на новом видео
- Журналист информационного портала eKaraganda удостоена премии «Алтын сұңқар»
- Аферист, пообещав сделать ремонт, присвоил авто карагандинца
- «Шахтер» официально представил новичка из Сербии
- Причиной дыма в районе карагандинского вокзала оказался горящий мусор
- Наказание за вандализм ужесточат в Казахстане
- Премией акима Темиртау наградили работников СМИ
- Ермаганбет Булекпаев поздравил журналистов с профессиональным праздником
- В городе Сарань прошла благотворительная акция Happy Dog
- Сегодня в Караганде проведут испытания на магистральных тепловых сетях
- 41 километр вплавь: пловчиха-любитель смогла переплыть озеро Балхаш
- О сроках охоты на различные виды животных и птиц рассказали в Карагандинской области
- Двухлетний малыш выпал из окна второго этажа в Балхаше
- Внимание, работа: в Балхаше планируют трудоустроить около 2 тысяч человек
- «Недавно поделился с женой своими планами»: казахстанец через 4 месяца выходит на свободу
- Почему в Караганде подорожал первосортный хлеб
- Тренинг для осужденных провела председатель ОНК по Карагандинской области
- Ермаганбет Булекпаев: «Наша задача – вывести Абай из категории моногорода»
- В Караганде в предстоящие выходные перекроют часть улицы Алалыкина
- Жители многоквартирного дома поблагодарили участкового в Караганде
- Жители Балхаша в 40-градусную жару остались без воды из-за аварии
- Канализационные сети реконструируют в Абайском районе
- Акцию по профилактике бытового насилия проводят в Караганде
- В Караганде горел хлам в подъезде многоэтажки
- Какой сегодня праздник в мире и Казахстане: 28 июня
- Токаев поздравил казахстанцев с Днем работников СМИ
- Ашимбаев о запрете кальянов и вейпов в Казахстане: Закон не исполняется
- Запрет на распространение лотерей вводят в Казахстане
- В МВД рассказали, кого задерживают за торговлю детьми
- «Сейчас он её домой отвезёт, и что он с ней там сделает?» — карагандинец пожаловался на бездействие полиции
- Президент: Референдум по АЭС пройдет осенью
- Госслужащим запретят азартные игры – Сенат одобрил закон
- Босага готовится к юбилею: корт и площадь ветеранов открыли к 90-летию села в Шетском районе
- Масштабным мероприятием отметили День борьбы с наркоманией в Караганде
- В МВД не против сделать сдачу экзаменов на права онлайн
- ProfErtenFest: профессию будущего могут выбрать школьники на фестивале в Караганде
- В карагандинских парках выявляют предпринимателей, нарушающих закон
- Зарабатывающим меньше 85 тысяч тенге казахстанцам дала совет Тамара Дуйсенова
- 94 из 106 школ в Карагандинской области подключены к спутниковой системе Starlink
- «Шахтер» официально представил известного новичка
- Перспективы развития среднего образования обсудили в Караганде
- В Карагандинской области назначен новый заместитель начальника ДЧС
- Защитник с опытом игры в КХЛ подписал контракт с клубом «Сарыарка»
- Куда выбрасывать мусор: в Шетском районе нет полигона для твердо-бытовых отходов
- Дуйсенова ответила, стоит ли казахстанцам ждать индексации пенсий и пособий
- Областной фестиваль драматического творчества для людей с ограниченными возможностями
- Безбарьерная среда: в Балхаше центр социальной адаптации помогает маломобильным гражданам региона
- "Все реформы мы проводим вместе с вами". Токаев поздравил журналистов Казахстана с профессиональным праздником
- В исправительном учреждении № 31 открыли голубятню
- Лучшие поликлиники определили в Карагандинской области
- В Караганде изменили маршрут движения автобуса № 40 из-за ремонта дороги
- Lada Priora сгорела на проезжей части в Балхаше
- 22 новых аппаратно-программных комплекса «Пешеход» установили в Караганде и Темиртау
- Пострадавшие от телефонных мошенников карагандинцы создали чат
- Карагандинская художница исследует казахский орнамент в архитектуре города
- В Шетском районе открыли «площадь Ветеранов»
- В Карагандинской области спасатели-водолазы из всей страны повышают квалификацию
- Экологи оштрафовали на 500 тысяч тенге полигон бытовых отходов в Сарани
- Около 20 сотрудников ДУИС наказаны за беспорядки в карагандинской колонии
- Масштабная эвакуация во время пожара произошла утром в Караганде
- Какой сегодня праздник: 27 июня
ОПРОС
- 1. Поступаю в карагандинский вуз;(42)
- 2. Поступаю в один из казахстанских вузов;(11)
- 3. Уезжаю учиться за границу.(87)
«Қазақмыстағы» отбасылық әулеттер: Мұраға берілген кәсіпке деген сүйіспеншілік
![«Қазақмыстағы» отбасылық әулеттер: Мұраға берілген кәсіпке деген сүйіспеншілік](http://ekaraganda.kz/foto/322_cd6c4bc74315fd524499d899ae392156.jpg)
Жұмыскерлер кәсіпорында әулетімен қызмет етіп жатса, бұл жұмыс орнының тұрақты әрі табысты екендігін аңғартатын бірден бір көрсеткіш болып табылады. Ұрпақтар сабақтастығын сақтап, тәжірибесі, шеберлігі мен өндіріске деген адалдығын атадан балаға жеткізіп отырған еңбекшіл отбасылар «Қазақмыс» корпорациясында да баршылық. Олардың бірқатары NUR.KZ-ке сұхбат беріп, ғасырға ұласқан отбасылық еңбек жолының қызығы мен шұжығын сөз етті.
Әкесі салған сара жолмен
Қойшыбайлар әулетінің кәсіпорынға адал қызмет етіп келе жатқанына 130 жылдан асты. Отбасының кәсіпорында әулетімен бір ғасырдан астам уақыт жұмыс істеуі отағасы Қойшыбаев Серікбай Смаханұлының еңбек жолынан бастау алып отыр. Ол Солтүстік Жезқазған кенішіне 1959 жылы жұмысқа орналасқанда небәрі 16 жаста еді.
«Әкем жұмысқа ерте араласты. Атамыз соғыста жарақат алғасын, әкем үйдің үлкені ретінде отбасын аяқтан тұрғызуға тырысты. Ол маркшейдерлік жұмыстарда кенші ретінде қызметін бастап, кешкі мектептегі оқуын қатар алып жүрді, осылайша университетті сырттай бітірді. Ол бүкіл өмірін өндіріске арнады және 2006 жылы зейнетке шықты», - дейді Серікбай Қойшыбаевтың қызы Айгүл Қойшыбаева.
Айта кетсек, маркшейдерлік жұмыстар тау-кен өндірісінде ерекше маңызға ие. Маркшейдер неміс тілінен аударғанда шекараны бөлуші деген мағына береді. Мұндай жұмыстар жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану кезінде түрлі апаттардың алдын алуға, жұмыстың күтпеген жерден тоқтап қалуын болдырмауға, қаражаттың тиімді жұмсалуына бағытталған.
47 жылға созылған еңбек жолында Серікбай Қойшыбаев түрлі қызметтерді атқарды – өлшеуші, экскаватор машинисінің көмекшісі, тау-кен шебері, бас инженер, карьер басшысы болып жұмыс істеп, өндірістік бөлім басшысы қызметіне дейін көтерілді.
Серікбай Қойшыбаев – 3-дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісінің иегері, еңбек ардагері әрі корпорацияның құрметті ардагері. Оның барлық балалары корпорацияда әр түрлі уақытта жұмыс жасаған. Ұлы Қалихан ширек ғасырдан астам уақыт бойы «Жомарт» кенішінде механик болып жұмыс істеді, қызы Тыныштық СЖК-де жұмыс уақытының есепшісі болып 6 жылдай қызмет етті. Артынша тағы алты жыл кәсіподақ комитетінде және корпорациядағы балабақшада жұмысын жалғастырды. Қыздары Айгүл мен Венера кәсіпорында әлі де жұмыс істеп жүр.
Мәселен, Айгүлдің еңбек өтілі 32 жылды құрап отыр. Солтүстік Жезқазған кенішіндегі маркшейдерлік-геомеханикалық қызметтің бас инженер-маркшейдері болып қызмет ететін Айгүл бұл салаға бет бұруына әкесі себепші болғанын жасырмайды. Айтуынша, әкесі оған дәл осы қызметті таңдауға кеңес беріпті.
«1985 жылы 8 сыныпты бітіргенімде, медициналық училищеге түсуді армандайтынмын. Бірақ әкем маған маркшейдер мамандығына назар аударуды ұсынды. Тау-кен ісі дамыған біздің өңірде мұндай мамандықты игерген жандарға қашан да «екі қолға бір күрек табылады». Бүгінде ашық тау-кен жұмыстарын жоспарлаумен айналысып жүргеніме 30 жылдан астам уақыт болды, осы уақыт ішінде мен өсудің барлық сатыларынан өттім», - дейді Айгүл Қойшыбаева.
Айгүлдің сіңлісі Венера да кәсіпорында өз орнын таба алған. Ол 14 жылдан бері «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ электр қондырғыларына сервистік қызмет көрсету бойынша энергетика басқармасының қосалқы станцияларында электрик болып жұмыс істейді.
«Әрине, барлық балаларым менің жолымды таңдап, дәстүрлеріміз жалғасын тауып отырғаны – мен үшін мақтаныш. Олардың барлығы нағыз кәсіби мамандарға айналды. Мен бүгінде зейнеткер болсам да, белсенді өмір сүруді жалғастырудамын – Ардагерлер кеңесінің мүшесімін, немерелерім мен шөберелеріме көңіл бөлемін, балық аулауға барамын және әлі күнге дейін өмірімнің бір бөлшегіне айналып үлгерген тау-кен ісінің жанашырымын», - дейді отағасы Серікбай Смаханұлы.
Үш адамға ортақ мамандық
Ерубаевтар отбасының «Қазақмыс» корпорациясымен мансабы тоғысқанына 90 жылдың жүзі болды. Әулеттің негізін қалаушы - Оңтүстік Жезқазған кенішінде жер асты тау-кен үңгілеу жабдықтарының электр слесарі-құрастырушысы болып 40 жыл бойы жұмыс істеген кенші Кәрім Ерубаев. Бүгінде оның еңбек жолын ұлдары Қуандық пен Серік жалғастыруда.
«Ағам, әкем және мен – үшеуіміз ортақ бір мамандықты меңгергенбіз, оның үстіне әкем зейнетке шығар алдында бәріміз ұзақ уақыт бір жерде жұмыс істедік. Бүгінде мұнда ағам Серікпен бірге жұмысымды жалғастырудамын. Оның шахтада қызмет етіп жүргеніне 28 жыл болса, мен 23 жылымды осы салаға арнадым. Бұл жұмыс өміріміздің үлкен бөлігіне айналып отыр», - дейді Қуандық Ерубаев.
Қуандық отбасындағы ең сүйікті мереке – Шахтер күні екенін жасырмады. Айтуынша, үйдің кішісінен бастап үлкеніне дейін бұл кәсіби мерекені тағатсыздана күтіп, атаулы күнде дастархан басында жиналуды әдетке айналдырған. Олар бұл күні шахтерлік өміріндегі қызықты оқиғаларды еске алып, соңғы жаңалықтарымен бөліседі.
«Тіпті кішкентай балаларымыз да біздің жолымызды қуып, шахтада жұмыс істегісі келеді. Бірақ, мен оларға басқа кәсіпті таңдауға кеңес берер едім, себебі, бұл өте қиын әрі қауіпті жұмыс. Десе де, ағам екеуіміз бұл күрделі кәсіпте өз орнымызды таба алдық, бақытымызға орай, бізде керемет тәлімгер бар - біздің әкеміз. Ол бізге әлі де қолдау көрсетеді, жұмысқа қатысты кеңесін беріп отырады», - дейді Қуандық Ерубаев.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз ата-бабамыздан бекер қалмаған болса керек. Өскелең ұрпақ осылайша әкесі салған сара жолмен болашақ мамандығын таңдап, ғасырға ұласқан тәжірибені өз бойларына сіңіруде.
Отағасының өз ісіне деген адалдығы мен сүйіспеншілігі балаларының да бұл салаға қызығушылығын оятатыны анық. Нәтижесінде олар әкесі мен атасының жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен дағдыларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, еңбек дәстүрлері, тәлімгерлік қағидалар, үлкендерге деген құрмет сезімін сақтауға өз үлесін қосуда.