#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
30 апреля
29 апреля
Есть что рассказать? Поделись с нами любым удобным способом!
  • Телефон: +7 7212 41 90 90
Высокие цены, проблемы общественного транспорта, ЖКХ, сфер образования и здравоохранения... Зачастую, хочется, чтобы о несправедливости узнали многие, поддержали, а, может быть, даже и помогли. Делитесь новостями в разделе «Горячая линия» и вас услышат Сообщить!
Миграционный отдел по обслуживанию населения филиала некоммерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по Карагандинской области:
29 мая, 2020
НА РАССМОТРЕНИИ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ 28 мамыр...

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

28 мамыр Нұр-Сұлтан қ.

Қазақстанда мыңға жуық Egov бұрышы ашылады

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барыншаыңғайлы қылу үшін ХҚО ғимаратынантыс жердеөз бетінше қызмет алуға болатыналты жүзге жуық egovбұрыштары жұмыс істейді. Таяу арада тағы 400 бұрыш ашу жоспарланған. Онда компьютері немесе интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ қазақстандықтар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өздігінен ала алады. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.
Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, коронавирус инфекциясының қауіпі сейілмегендіктен, оныңХҚО-да таралмауына ерекше назар аударған жөн. «Сондықтан біз халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмау және вирустың таралу қаупін азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар нақты шараларды қабылдадық. Енді қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында онлайн түрде қолжетімсіз«қағаз» жүзіндекөрсетілетін қызметтер мен онлайн рәсімделген өтініштердің дайын нәтижесін ала алады. Бұл ретте, ХҚО-ға баратын уақыт аралығын алдын ала брондау қажет. Қазақстандықтар электронды қызметтерді өз бетінше үйде, кеңседе немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады», – деді Балташева.
Сонымен қатар, ол аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалалардағы ХҚО ғимараттарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының бұрынғыдай жұмыс істейтінін айтып өтті. Ауылдық округтерде электрондық қызметтерді жергілікті әкімдіктер ғимаратында орналасқан egov бұрыштарында өз бетінше алуға болады.
Айта кету керек, қазіргі уақытта egov.kz порталындағы виртуалды көмекшінің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және азаматтардың мобильді базасында тіркелуге болады. Егер портал қызметі бойынша сұрақтар туындайтын болса, қызмет алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, Азаматтарға арналғанүкімет мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің кеңесін ала алады.
Айта кетейік, азаматтардың келесі үш санаты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектерэлектрондық қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында бұрынғыдай ала алады. Олар да кезек уақытын алдан ала брондауы тиіс.

comments powered by HyperComments
Есть что рассказать? Поделись с нами любым удобным для себя способом!
  • по телефону +7 7212 41 90 90
  • на e-mail info@ekaraganda.kz
или воспользуйтесь Онлайн-формой Сообщить!