#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
25 апреля
24 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(41)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(211)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(62)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

Рухани жаңғыру – қоғам салалары үшін үлкен серпініс

Рухани жаңғыру – қоғам салалары үшін үлкен серпініс

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында жаңғыртуды экономикалық өрлеуге немесе технологиялық жетілдіруге жинақтау – бұл жалпы өзгерістер жобасының бір бөлігі ғана екеніне көңіл бөле отырып, жаңғырту процестері шеңберінде еліміздің рухани қайта өрлеуінің тұжырымдамалық бейнесін жеткізді. Мақалада Мемлекет басшысының қазақстандық қоғамның болашаққа қарай қалай қадам басуы туралы ойлары көрсетілген. Барлық технологиялық процестердің жеделдеуі мен әлем экономикаларының бәсекелік қабілеттерінің өсуіне орай құбылмалы әрі күрделі болашақ. Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы кезеңі мемлекеттердің өзара қарым- қатынастарындағы қарама-қайшы оқиғалармен сипатталады. Үдемелі қарқын алып отырған жаһандық әлем ұлт санасының халықтың руханияты мен дәстүрлеріне негізделген айрықша үлгісін талап етеді. Бұл 11 жағдайларда қоғамның рухани-құндылық бағдарларын сақтау және жаңарту мәселелері бірінші кезектегі маңызға ие болып отыр. Дүниедегі үрдістер әлемді өзгертуде, заман өзгеруде, бұл Қазақстанға дамудың мүлде жаңа деңгейіне шығуға айрықша мүмкіндік береді. Жаңару міндеті бүгінде Қазақстанның ғана емес, барлық мемлекеттердің алдында тұрғанын атап өтеді Нұрсұлтан Назарбаев. Елдегі басталған ауқымды өзгерістер қоғамдық сананы оза жаңғыртумен сүйемелденуі тиіс. Бұл ретте, Президент бүгінгі таңда орасан жұмыс атқарылғанын және Қазақстанның қалыптасқан мемлекет екенін атап өтеді. Бірақ мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтына айналу үшін қоғамдық сананы өзгертуге мүмкіндік беретін неғұрлым ауқымды және іргелі жұмысқа кірісетін уақыт жетті. Және де мақаланың негізгі түйіні Қазақстанда 

ауқымды өзгерістердің қоғамдық сананы өзгертусіз, немесе жаңғыртусыз мүмкін еместігінде. Жаңғырту деген не? Ғылыми әдебиетте Жаңғыру (modernization; modern – заманауи) қоғамдық- әлеуметтік эволюциясына, оның құрылымдық 12 және функционалдық жіктелуінің заманауи қоғамның қалыптасуы бағытына қарай өсуіне алып келетін саясаттағы, экономикадағы және мәдениеттегі инновациялардың тари- хи ұзақ процесі ретінде белгіленеді. Сондай-ақ жаңғыруды мемлекетті қарқынды дамыту мақсатында жүйені ауыстырмайтын, бірақ қолда бар әлеуетті жұмылдыратын іргелі өзгерістер процесі ретінде анықтайды. Жаңғыру процесі сатылы, көпфакторлы, тарихи инвариантты және қайтымды бо- лып табылады; ол өңірлік және өркениетті ерекшелікке ие және әртүрлі қоғамдық ішкі жүйелерде және дамудың әртүрлі кезеңдерінде әртүрлі жылдамдықпен және қарқындылықпен өтеді. Жаңғырудың түпкі мақсаты мемлекетті өзін-өзі дамытуға және өз механизмдерін тұрақты жаңалап отыруға қабілетті жүйеге айналдыру, уақыт талабына сәйкес келтіру болып табылады. Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекет құра отырып, Бірінші жаңғыруды жүзеге асырды. Сосын, 2030-Стратегиясын қабылдап және Астананы салып, Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына енді – бұл Екінші жаңғырудың нәтижелері. Үстіміздегі жылдан бастап, Қазақстан жаһандық бәсекелік қабілетке қол жеткізуге бағытталған елдің Үшінші жаңғыруын іске 13 асыруға кірісті. Басты мақсат – Ұлт жоспа- рын орындау негізінде әлемнің 30 озық елінің қатарына ену. Қазақстан Президенті елдің жүйелі және дәйекті эволюциялық дамуын көздейтін мемлекеттік саясаттың өзара байланы- сы мен сабақтастығына көңіл бөле оты- рып, еліміз аяқ басқан жаңа тарихи кезеңге тән қауіптер мен сын-қатерлерді жан- жақты бағалай келе өзінің рухани жаңғыру тұрғысынан болашаққа терең көзқарасын баяндады. Өзгерістер жолына түскен елдердің әлемдік тәжірибесі жаңғырудың – әлеуметтік- мәдени өзгерістерден оқшаулауға болмайтын процесс екенін көрсетеді. Жаңғыру біздің заманымызда материалдық өмірді де және рухани өмірді де біріктіріп қамтуға тиіс. Демек, жаңғыру – әлеуметтік-мәдени фе- номен, оның артында

тиісті адамның әлемді сезінуі мен дүниетанымы, оның қоршаған ортаны түсінуі және оның ондағы орны, дәлелдері мен мінез-құлық стилі, құндылық бағдарлары мен мәдени қалауларының меңгерген жүйесі, соның ішінде өмірдің саяси нысандары, белгілі бір құқықтар мен міндеттемелер жүйесі тұрады. Нұрсұлтан Назарбаев жаңғыруды мемлекетті қарқынды дамыту мақсатында жүйені аустырмайтын, бірақ қолда бар 14 әлеуетті жұмылдыратын іргелі өзгерістер процесі ретінде бөліп көрсетеді. Елбасы өз мақаласында былай анықтайды – саяси жаңғырудың да, экономикалық жаңғырудың да табысты болуы бірінші ке- зекте қоғамдық сананың руханият басым болатын деңгейіне тәуелді. Сондықтан бүгінгі таңдағы рухани қайта өрлеу – ең өзекті міндет. Бүгінгі таңда, Қазақстанның Үшінші жаңғыруын іске асыру шеңберінде, үш жаңғырту процесі жүзеге асырылатын болады: саяси реформа, экономикалық өрлеудің жаңа моделін құру және қоғамдық сананы жаңғырту. Реформалар нәтижелілігінің маңызды алғы шарты – азаматтық келісім, әртүрлі саяси күштердің ынтымақтастығы мен жаңғырту жобасын іске асыру мақсатында қоғамның бірігуі. Бұл мәдени кодты өзгертуді, жаңа құндылықтар мен қалаулы болашақ бейнесін қалыптастыруды көздейтін қоғамдық сананы жаңғыртусыз мүмкін емес.

Астана қаласында басылып шыққан "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасын ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша әдістемелік құралда насихаттау жұмыстарын жүргізу барысында баяндама жасаушының не мәселелерді басты назарда ұстауы тиіс екендігі жазылған. Осы әдістемелік құралды негізге ала отыра Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің "Математика және информатика" мамандығы бойынша 1-курсқа қабылданған МиИ-123 тобы студенттері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысқа топ кураторы ретінде мен және де "Математика" мамандығының 2- курс магистранттары арасынан Боранбаева А. және Сапарова М. қатысты. Негізгі тезис болып келесі материал алынды:

"Қоғамдық сананы оның алдын орай жаңғырту". Ұсынылған мәтін төмендегідей:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласында жаңғыртуды экономикалық өрлеуге немесе технологиялық жетілдіруге жинақтау – бұл жалпы өзгерістер жобасының бір бөлігі ғана екеніне көңіл бөле отырып, жаңғырту процестері шеңберінде еліміздің рухани қайта өрлеуінің тұжырымдамалық бейнесін жеткізеді. Мақалада Мемлекет басшысының қазақстандық қоғамның болашаққа қарай қалай қадам басуы туралы ойлары көрсетілген. Барлық технологиялық процестердің жеделдеуі мен әлем экономикаларының бәсекелік қабілеттерінің өсуіне орай құбылмалы әрі күрделі болашақ. Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы кезеңі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарындағы қарама-қайшы оқиғалар мен сипатталады. Үдемелі қарқын алып отырған жаһандық әлем ұл санасының халықтың руханияты мен дәстүрлеріне негізделген айрықша үлгісін талап етеді. Бұл жағдайларда қоғамның рухани-құндылық бағдарларын сақтау және жаңарту мәселелері бірінші кезектегі маңызға ие болып отыр. Дүниедегі үрдістер әлемді өзгертуде, заман өзгеруде, бұл Қазақстанға дамудың мүлде жаңа деңгейіне шығуға айрықша мүмкіндік береді. Жаңару міндеті бүгінде Қазақстанның ғана емес, барлық мемлекеттердің алдында тұрғанын атап өтеді Нұрсұлтан Назарбаев. Елдегі басталған ауқымды өзгерістер қоғамдық сананы оза жаңғыртумен сүйемелденуі тиіс. Бұл ретте, Президент бүгінгі таңда орасан жұмыс атқарылғанын және Қазақстанның қалыптасқан мемлекет екенін атап өтеді. Бірақ мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтына айналу үшін қоғамдық сананы өзгертуге мүмкіндік беретін неғұрлым ауқымды және іргелі жұмысқа кірісетін уақыт жетті. Және де мақаланың негізгі түйіні Қазақстанда ауқымды өзгерістердің қоғамдық сананы өзгертусіз, немесе жаңғыртусыз мүмкін еместігінде.

1-курс студенттеріне ұсынылған материалдар презентация ретінде, мәтін ретінде, пікірталастыруға ұсынылған сұрақтар ретінде беріліп, аудиторияның мақала ойын түсінуіне үлкен ықпал етті.

Қорыта айтқанда жүргізілген жұмыс Елбасы мақаласының болашақ ұрпаққа беретіні көп, мақсаты айқын және күтілетін нәтижелердің жемісті болатындығын тағыда бір рет ашып көрсетті. 

Үміт Қосыбаева

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях