#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
24 апреля
23 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(41)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(209)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(62)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

Орта ғасыр философиясы

Орта ғасыр философиясы

 Орта ғасыр философиясының ең басты ерекшелігі, оның діни сипаты немесе діни сенім. Оған тән теоцентризмнің құрылымында анықтаушы орынды құдіретті күш ехnіһіlо атқарады.

Кени Энтони «Орта ғасыр философиясы» атты оқулығында дүниенің жаратушысы құдай деген пікір христиандық онтологияның басты идеясы болды дейді. Баршаның және барлық әлемнің анықтаушы субстанциясы ретіндегі «құдірет» әлем жаратушы абсолют болып есептелінді. Дін дүниені біртұтас қабылдаудың тәсілі ретінде қарастырылды. Әлемді жаратқан құдай идеясы табиғаттың да дүниедегі орнын анықтайтындай. Сондықтан болар, орта ғасыр философиясы «жасаушының» философиясы болып қалыптасады. А. Августин мен Ф. Аквинскийдің ілімдерінде ортағасырлық дүниетаным мәдениетінде сенім танымның дәрежесі ретінде анықталды. Бұл философияның басты сипаты ғасырлар бойғы реализм мен номинализмнің күресінде айқын көрінеді. 

Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің дамуына салмақты үлес қосқан ортағасырлық шығыс ойшылдары философиясына тоқтала келе, шығыс ренессансының тамаша ғалым-ғұламалары әлемге танымал болған әл- Кинди, әл-Фараби, Ибн Сина, әл-Ғазали, Ибн Рушд, Абу Райхан Беруни және т.б. философиялық ой-толғамдары, дүниеге деген көзқарасы шығыс перипатитизмі, ислам, мұсылман ортодоксиясының философиясын қарастырады. Өздерінің ілімдерінде дейді, олар антикалық, ортағасырлық білімді терең түсініп, тіпті шығармашылық деңгейге көтеріп көп еңбектер жазғаны туралы сөз қозғайды.

Мысалы, әл-Фараби өмір сүрген заманда, ол бірінші болып философия мен саясатты, өнер мен білімді берік ұштастырды. Ибн Сина, әл-Канди т.б. философияны тек кана жоғарғы метофизикалық білім емес, олар діни адамгершілік сипаттағы (ағартушылық) білім алу барысында адам жанын құтқару (сақтау) үшін қажет рухани деп есептеді.

Ортағасырлық философияда негізгі күрес, айтыс «универсалий» (жалпы ұғымдар, жалпылама) мәселелердің төңірегінде жалпының жекеге қатынасы жайлы болды. Философтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар (универсалийлер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, олардан бұрын пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелде- ді. Бүкіл тіршіліктің мәні жаратушы құдай деді. Жалпы ұғымдар - универсалийлер реалды өмір сүреді, олар әуел бастан бар деушілер тобы реалистер (латынша шын деген сөзден шыққан) деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Ал бұларға екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан, олар алғашқы деп дәлелдеді. Орта ғасыр тұсындағы материалистік ағымды білдіретін бұл көзқарасты ұстаушылар номиналистер (латынша атау деген

сөзден шыққан) деп аталды, өйткені бұлар жалпыны жоққа шығарып, оны жай атау ғана деп жариялады.

Реалистердің басты өкілдері Ансельм Кентерберийский (1033-1109), Фома Аквинский (1225-1274) т.б. болды. Олардың пікірінше, жалғыз құдай шын өмір сүреді, дүниеде бар нақты заттар мен құбылыстардың бастамасы құдай, демек, жеке нәрселердің пайда болуы жаратушы құдайға байланысты. Заттардың құдайдың ақыл-ойындағы идеялық болмысы мәңгі, ал шындықтағы болмысы (құдайдан тыс болмысы) өткінші ғана сипатта болады деп есептеді Фома.

Автордың айтуы бойынша, ортағасырлық философия тұтас алғанда, идеалистік сипатта болғанымен, бірақ онда да Платон мен Демокриттің бағыттарының арасында күрес жүріп жатты. Ол күрес көбінесе логикалық терминдер төңірегінде болды. Универсалийдің табиғаты жайлы ғасырлық пікірталастары логика мен гносеологияның одан әрі дамуына, әсіресе жаңа заманның ірі философтарының іліміне айтарлықтай әсерін тигізді дейді.

Ал XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Фома Аквинскийдің діни идеалистік жүйесі (томизм философиясы) католик шіркеуінің ресми философиялық доктринасы (ілімі) — неотомизмнің негізін құрды дейді.

13 ғасырдай орта ғасыр философиясы біршама өрлегеніне қарамастан, оның мың жылдан астам дамуының нәтижесі философия үшін де, ғылым үшін де мардымсыз болып шықты, өйткені, тіпті ірі ойшылдардың өзі де ақиқаттан гөрі дінді негіздеудің әдістерін іздеді, ал орта ғасырлық қоғамның рухани режимі бұл міндеттің шегінен шығуға құлшынғандардың бастамасы мен ой-өрісін тежеп отырды. Тек формальді логика саласында ғана болмашы болса да прогреске қол жетті деген тұжырымдаумен аяқталады. Аталған оқулық өте маңызды да керек құрал.

 

О. Айтбаев,

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях