#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
25 апреля
24 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(41)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(211)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(62)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

Антика философиясы

Антика философиясы

 Тарих неден басталады деген сұраққа – логикалық ойлаудан басталады деп айтамыз. Осы тұрғыда, Кени Энтонидің «Антика философиясы» атты кітабының ерекшелігі мен құндылығына келетін болсақ, қандай бір ғылыми ізденіс болмасын олардың барлығы бірақ нәрсенмен шұғылданады – ол «шығу» немесе бастау «себебін» табу. Себептің себебін ашу дегеніміз – жаңалық ашу дейміз. 

Автордың жазған оқулық кітабының мазмұнының алғашқы тарауы «Бастау» деп аталады немесе философия тарихының және философияның шығу себебіне үлкен мағына бере отырып, үлкен және құнды ғылыми еңбекті бізге ұсынды. Екіншіден, қарастырып отырған ғылыми еңбегінің бастамасы – Аристотельдің логикасын таныстырудан басталады. Логика ғылымды дұрыс ойлау заңдарымен таныстыра отырып әдістемелік жолдарды үйретеді. Үшіншіден, Милет мектебінен шыққан данышпан философтардың осы күнге дейін таныс емес еңбектерімен таныстырады. Төртінші, Аристотельдің формальды логиканың ойлау заңдарын қалай қолдануға болатынын көрсетеді. Бесінші, ең бір елеулі деп қарастыруға болатын жағы, Платонның идеализмі мен Аристотельдің, Сократтың материализімінің ара қатынасының, қарама-қарсылықтың күресу заңының прогресивтік жақтары өте жақсы көрсетіле білген. 

Философияның негізгі мәселесі - сананың материяға, ойлаудың болмысқа қатынасы. Осы тұрғыдан философия адам проблемасын зерттейтін адамзат мәдениетінің ерекше саласы. Бүкіл философиялық жүйелер қай тұрғыда болмасын адам болмысының оның ойлауына қатынасы туралы мәселеге келіп тіреледі. Философияны айырықша білім саласы ретінде Платон енгізді. ІІлатон мен Аристотельдің шығармалары өздеріне дейінгілердің ілімдерін сынау тұрғысынан талданса да, ол талдау сол жекелеген көзқарастарының жүйесіне бағындырылған. Ең алғашқы арнайы жазылған тарихи-философиялық шығарма Диоген Лаэртскийдің «Атақты философтардың өмір тіршілігі, ілімдері және айтқандары туралы» еңбектері де қысқаша көрсетілген.

Философияның сана формасында пайда болуы белгілі бір қажеттіліктерге байланысты туындайды. Біріншіден, дүниені білу үшін ең алдымен ол туралы жалпы көзқарас болуы қажет. Екіншіден, дүниені тереңдей тану үшін ол туралы дұрыс, рационалды ойлау әдісі, логика және дүниетаным теориясы қалыптасуы керек. Айтулы оқулық өте маңызды да керек құрал.

 

О. Айтбаев,

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях