#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
25 апреля
24 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(41)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(211)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(62)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

«Алаш Орда мұраты және Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ғалымдардың аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция-конкурсының Ережесі

«Алаш Орда мұраты және Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ғалымдардың аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция-конкурсының Ережесі
eKaraganda

2017 жылдың 19 желтоқсанында Қазақстан қоғамын жаңғыртуда Алаш қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын, ұлттық мұрат идеясын жастар арасында кеңінен насихаттау және руханият саласында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, сонымен қатар жас ғалымдарға қолдау көрсету мақсатында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы, «Қарағанды облысы бойынша «Жас Отан» корпоративтік қоры» және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Алаш ұлттық-демократиялық парламенттік республикасының 100 жылдығына орай өткізілетін «Алаш Орда мұраты және Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ғалымдардың аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция-конкурсын өткізеді.  

Конференция-конкурсқа облыстық, қалалық және аудандық ұйымдар, ЖОО, колледж студенттері, 9-11 сынып оқушылары және т.б. ынталы жастар қатыса алады. 

Конференция-конкурсқа қатысушы жас ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстары олардың жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөліп қарастырылады.

Бірінші -14-17 жас аралығы.
Екінші -18-29 жас аралығы.

Конкурс 3 бағыт бойынша өткізіледі.

1. Алаш қайраткерлері еңбектеріндегі Тәуелсіздік идеясы.

2. Алаш арыстарының әдеби және ғылыми мұрасының қазіргі рухани жаңғырудағы маңызы.

3. Арқа аймағындағы беймәлім Алаш қайраткерлерінің тағылымды ғұмыры және ұрпақтар сабақтастығы.

«Алаш Орда мұраты және Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ғалымдардың аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция-конкурсына ұсынылатын ғылыми баяндамалар екі кезең тұрғысынан бағаланады. Бірінші сұрыптау кезеңінен өткен баяндамалар екінші кезеңде ашық түрде қорғалып бағаланады. Бағалау шарттары 100 балдық жүйеде жүргізіледі.

1. Тақырыптың өзектілігі және жан-жақты ашылуы.
2. Тақырыптың жаңалығы.

3. Әдеби және ғылыми материалдарды пайдалану деңгейі.

4. Тақырыптың кешегі және бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-рухани мәселелермен сабақтастығы.

5. Баяндамашының шешендік шеберлігі, ойын жеткізу машығы.

Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2017 жылдың 8 желтоқсанына дейін қабылданады.

Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 5-6 беттен аспауы тиіс. Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін байқаудың арнайы қазылар алқасы түскен материалдардың мазмұны мен сапасын анықтап, жас ерекшеліктеріне қарай жүлдегерлерді анықтайды.

14-17 жас аралығындағы жас ғалымдарға тағайындалатын жүлде қоры:

1-ші орын – 100 000 теңге;

2-ші орын – 50 000 теңге;

3-ші орын – 25 000 теңге;

Ынталандыру сыйлықтары – 5 000 теңге х4 адам = 20 000 теңге.

18-29 жас аралығындағы жас ғалымдаға тағайындалатын жүлде қоры:

1-ші орын – 200 000 теңге;

2-ші орын – 100 000 теңге;

3-ші орын – 50 000 теңге;

Ынталандыру сыйлықтары – 10 000 теңге х4 адам = 40 000 теңге.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.
Конференция материалдарын жариялау үшін 2017 жылдың 8 желтоқсанына дейін alashorda.100@mail.ru электронды поштасына Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010) редакторының мәтінінде терілген А4 форматындағы 5-6 бет көлеміндегі мақала жіберілу қажет.

Конференция-конкурстың қорытындысы 2017 жылдың 19 желтоқсанында Қарағанды қаласы Әлиханов көш. 4 үй мекен-жайы бойынша орналасқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында өтеді.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

• Times New Roman, KZ Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 14 pt, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 3 см, оң жағы – 2 см, жоғары жағы - 2,5 см, төменгі жағы – 2,5 см, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см);

• Бірінші жолда бас әріптермен мақаланың жазылған тілінде баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – мақаланың жазылған тілінде автордың аты-жөні және тегі, мекеме, қала, ел атауы, бір жолдан кейін мақала мәтіні беріледі

• Формулалар Microsoft Equation формула редакторы мәтінінде орындалып, суреттер (ақ-қара), JPEG, JPG 300 dpi кем емес форматта сканерленген болуы тиіс.

• Сілтеме жасалатын әдебиет мақала ішінде реттік саны бойынша (тік жақшаның ішінде), мақала соңында толық түрде көрсетіледі. Сілтемені қолданған жағдайда дерек көз бетін көрсету қажет. Мысалы: [ 1, 12 б.].

Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді. Мақала мазмұны үшін ұйымдастыру комитеті жауап бермейді. Ұйымдастыру комитетімен келісе отырып қазылар құрамы конференцияға келіп түскен конференция тақырыбы мен талаптарына сай келмейтін мақалаларды қабылдамауға және жүлделерді өзгертуге құқылы.

 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях