#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
25 апреля
24 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(41)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(213)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(62)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

«Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің өзегі

«Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің өзегі

 Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қоғамның әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыттарына тоқталып, үлкен ой тастады.

«Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Шынымен де «Патриотизм» туған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен аймағыңа, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншіліктен басталады. 

«Нұр Отан» партиясының Саяси Доктринасында ұлттық мәдениет пен дәстүрді дамыту стратегиялық басымдық ретінде белгіленген. Сондықтан, ұлттық құндылықтарды көпшілікке танытуға және Тәуелсіздік идеясын, халықтар достығын, береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты насихаттауға, сондай-ақ, сол арқылы жас ұрпақты адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу- біздің партия жұмысындағы негізгі мақсат.

Партияның «Ұлы Дала қазынасы» бағыты, партия жанындағы өнер мен мәдениетті дамыту жөніндегі аймақтық «Мирас» қоғамдық Кеңесінің, «Жастар-Отанға» жобасы аясында облысымызда бірқатар іс-шаралар атқарылуда.

Бұл бір күндік акция, «кеңселік» шаралар емес. Аумақтық филиалдардың, барлық деңгейдегі депутаттардың, партиялық кураторлардың, бастауыш партия ұйымдарының, барлық партия мүшелерінің әр ауылда, әр қалада атқарар күнделікті жұмыстары.

Таяуда партиямыздың колдауымен «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорымен бірлестікте, туған жерін, елін көркейтуге үлес қосқан тұлғаларға «Аманат» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.

Бұл жобаның азаматтардың еңбегін бағалап, оларды қоғамға танытуға зор үлес қосатынына сенемін!

Тағы бір айта кететін жайт, Елбасы мақаласындағы бағыттарды жүзеге асыру аясында «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорымен бірлесе отырып жерлері Ақтоғай, Қарқаралы, Ұлытау тарихи-киелі жерлері бойынша деректі фильм түсірілді. Казіргі таңда ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінде тұсаукесері өтуде.

«Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің негізі.

Сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғаса беретін болады.

Партиялық жобалар аясында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы нақты мысалдар:

«Жастар-Отанға» партиялық жобасы аясында жасотандықтар аймағымызды көгалдандыру жұмыстарына, сенбіліктерге қатысады, біздің депутаттарымыз қаламызды гүлдендіруге зор үлес қосып, аулаларды абаттандыру, аймағымызға көшеттер егу, балалар алаңдарын жақсартуға үлес қосып жүр.

Тағы бір мысал, партия мүшелері туған жерлері Сарытерек ауылына барып, өз ауылдарын көркейтті. Соғыс ардагерлеріне ескерткіш тақта қойып, мектептің гимнастика залын жөндеп, ауылдың кіре берісіне арка, ауыл ішінде жазғы сцена жасаған. Олар жыл сайын барып, туған жерлерінде спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Осындай мысалдарды әр ауыл бойынша көптеп келтіруге болады. 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях