#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
25 апреля
24 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(41)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(214)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(62)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

Яндекс Еда сервисі Қарағанды қаласында іске қосылды

Яндекс Еда сервисі Қарағанды қаласында іске қосылды Фото:Яндекс

Енді Қарағанды қаласында Яндекс Еда қосымшасы арқылы үйге немесе кеңсеге мейрамханалардан дайын тағамдарға жеткізіліммен тапсырыс беруге болады.

Сервиске бүкіл қала бойынша 70-тен астам мекеме қосылды. Оның ішінде TAMI, Pallermo, Korean street food, Coffee boom, Молния, Тағам, Bao Sushi&Noodles және т.б. бар. Серіктестер тізімі толықтырылатын болады, сондай-ақ тапсырыс беруге болатын тағамдардың әртүрлілігі артады. 

«Қарағанды Яндекс Еда қолжетімді болған Қазақстанның жетінші қаласы. Біздің басты мақсатымыз – мүмкіндігінше көп адамға ыңғайлы және жылдам қызмет көрсету, сондай-ақ жергілікті мейрамхана иелерінің аудиторияны кеңірек қамтуына мүмкіндік беру. Сондықтан жаңа қалада іске қосу сервис географиясын кеңейтудің қисынды жалғасы болды», – деп өз ойымен бөлісті Қазақстандағы Яндекс Еда сервисінің басшысы Олег Логунов.

Тапсырысты ресімдеген сәттен бастап көрсетілген мекенжайға жеткізгенге дейінгі орташа күту уақыты 30 минутты құрайды. Сервис алгоритмдері әдеттегі процестерді оңтайландыруға және тапсырыстарды тезірек жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен, әр мекенжай үшін жақын жердегі мекемелер қолжетімді мейрамханалар тізімінде көрсетіледі. Платформа тапсырыстарды таратады, сондай-ақ желідегі қолжетімді курьерлердің санын ескере отырып, оңтайлы маршруттар құрады. Барлық кезеңдерді қосымшада бақылауға болады - ол тапсырыс қазір қай кезеңде және курьер қай жерде келе жатқанын ескертеді.

Тапсырыстарды серіктестік логистикалық қызметтердің курьерлері мен мейрамханалардың жеке курьерлері жеткізеді. Олар жаяу, самокат, велосипед немесе мопед сияқты кез-келген ыңғайлы тәсілмен жүре алады. Тапсырыстардың бір бөлігі шалғай аудандарға тезірек жеткізу үшін көлікпен орындалады.

Сервисте тәулік бойы қолдау қызметі бар. Егер пайдаланушы тапсырысқа риза болмаса немесе сұрақ қойғысы келсе – ол қосымша арқылы қолдаумен байланыса алады, ал қолдау қызметі оған жағдайды түсінуге көмектеседі.

Төлемді қосымшада аккаунта байланған банктік картамен жүргізуге болады. Яндекс Еда тегін қосымшасы iOS және Android үшін қазақ, орыс және басқа тілдерде қолжетімді. Сонымен бірге тапсырысты Яндекс Go-дың «Еда» жеке бөлімінде де ресімдеуге болады. 

 По информации сервиса Яндекс Еда

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях