#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
21 ноября
20 ноября

ОПРОС

Довольны ли вы качеством ремонта дорог в Караганде?
  • Да. Делают очень хорошо;(295)
  • Доволен/на качеством, но мешают постоянные пробки;(43)
  • Нет. Сразу видно, что делают плохо - через пару лет будут перекладывать;(264)
  • Сколько ни делай - толку не будет. Только деньги на ветер.(33)

Адамды тануға арналған кітап

Қазақ тіліне тәржімаланған 18 кітаптың бірі – «Антропология тарихы мен теориясы» оқу құралы. Аталған кітап психология мамандығында оқитын студенттерге және антропологияға қызығушылық танытатын барша оқырман қауымға арналған. 

Табиғаты жағынан адам әлем ортасына өзінің ойын ашық айта алады. Адамның өмірге деген қөзқарасы табиғатынан антропоцентрикалық болып келеді. Көптеген халықтардың мифологиясы және діни бағыттарда адам негізгі фигура болып табылады. Тіпті қазіргі кездегі ғылымды зерттеудің де негізгі обьектісі болып келеді.

Адамның биологиялық түр ретінде дамуы тек сыртқы ортаның ықпалына ғана байланысты жүрген жоқ, оған сонымен қатар әлеуметтік ортаның, қоғамның дамуы да өз әсерін тигізді.

Осы айтылғандарға байланысты ұсынылып отырған «Антропология тарихы мен теориясы» оқу құралы қоғамдағы адаммен адамзаттың пайда болуы жайлы қойылатын сұратарға толығымен жауап бере алады. Және де қазіргі заманда өзекті болып табылады.

Антропология жайында жан-жақты көзқарас қалыптастыру мақсатында биологиялық, жас ерекшелік пен конституционалды антропологияның тәжірибелік жақтары мен терминологиялық негіздерден тұратын теориялық бағыттарын ұштастырып, «барлығын қамту» принципін қолдануға тырысқан.

Аталып отырған жұмыс түрлі ғылыми көзқарастарды синтездеуге көмектесетін пәнаралық бағытты қамтамасыз ететін биологтар, психологтар, тарихшылар, философтардың тарапынан да қызығушылық тудыруы мүмкін.

Ұсынылып отырған материал дәйектілігі мен ғылымилылығы араларындағы ара қатынас бірдей сақталынған. Жазу ерекшелігі мен материал көлемі студенттерге өзіндік жұмыс жазу барысындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз беттерінше орындауларына мүмкіндік бере алады.

Басым ойдың немесе бағыттың негізгі мазмұнын анықтай алу студент-психологтардың адамзаттың қалыптасу тарихын қарастыру процесіндегі негізгі міндетін анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы материалдың ұсынылу мәнері мен ашылу ерекшеліктері жақсы қарастырылған. Сонымен қатар, оқу құралы пәнге байланысты мәселелердің мағынасын ашудағы толыққандылығымен ерекшеленеді.

С.О. Бурленова,

психология кафедрасының аға оқытушысы 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях