#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
21 ноября
20 ноября

ОПРОС

Довольны ли вы качеством ремонта дорог в Караганде?
  • Да. Делают очень хорошо;(295)
  • Доволен/на качеством, но мешают постоянные пробки;(43)
  • Нет. Сразу видно, что делают плохо - через пару лет будут перекладывать;(264)
  • Сколько ни делай - толку не будет. Только деньги на ветер.(33)

Құнды кітап

Танымал америкалық маман Дэвид Майерстың «Әлеуметтік психология» оқулығы осы саладағы дүние жүзінің маңдайалды университеттері мойындаған негізгі оқулықтың бірі. 

Дэвид Майерс пен Жан Туенждің «Әлеуметтік психология» оқулығының 12 басылымы аталған пәннің негізгі бағыттарын толық қамтиды. Кітапта күнделікті өмірде кездесетін әлеуметтік құбылыстардың психологиялық астары жан-жақты қарастырылған.

Жеке тұлға, топ ішіндегі қарым-қатынас, тұлғаның түрлі әлеуметтік процестердегі рөлі, негізгі қызметі, даму өрісі сияқты әлеуметтік құбылыстардың психологиялық заңдылықтары заманауи зерттеулермен толықтырылып, тәжірибелік мысалдармен дәйектелген.

Негізгі курстың алдында оқырманды әлеуметтік-психологиялық зерттеу әдістерімен таныстыратын жеке тарау баяндалады. Ол студенттерді ендігі белгілі болған нәтижелердің өздігінен-ақ түсінікті деп қабылдануы мүмкін екенін және зерттеу ғылымына әлеуметтік психологтар өздерінің адамгершілік құндылықтары тұрғысынан қарайтынын ескертеді. Осы тараумен жұмыс істей отырып, автордың алдына қойған міндеті студенттерді қалған тарауларда баяндалатындарды қабылдауға дайындау болып табылады.

Кітап адамдар бір-бірі туралы қалай ойлайтыны ( I бөлім), бір-біріне қалай ықпал ететіні (ІІ бөлім), бір-бірімен қалай қатынасқа түсетіні (ІІІ бөлім) туралы ғылым ретінде әлеуметтік психологияның анықтамасына сәйкес құрастырылған. I бөлім әлеуметтік ойлауға, яғни біз өзімізді және айналадағыларды қалай қабылдайтынымызға арналған. Онда біздің әсерлеріміздің, ішкі түйсігіміздің және түсіндірулеріміздің дәлдігіне баға беріледі. ІІ бөлімде әлеуметтік ықпал ету қарастырылады. Біздің бағдарларымыздың мәдени қайнар көздеріне тиісті бағасын бере отырып, конформизм, сендіру мен топтастырылған ойлаудың табиғи негізін зерттей келе, біз өзімізге ықпал еткен жасырын әлеуметтік күштерді жақсы түсінетін боламыз. ІІІ бөлім әлеуметтік қатынастың (бағдар және мінез-құлық формасындағы) жағымда және жағымсыз көріністерін ашуға бағытталған. Ол былайша құрылған: агрессия туралы әңгіменің алдында жалған нанымдар туралы материалдар беріледі, ал альтруизм туралы әңгіме алдында адамдардың өзара бейімділігі туралы айтылады; ол қақтығыстың дамуы мен оны шешуді қарастырумен аяқталады.

Әлеуметтік-психологиялық зерттеу нәтижелерін тәжірибеде қолдану туралы әр тарауда және «Медицинадағы әлеуметтік психология», «Соттағы әлеуметтік психология», «Әлеуметтік психология және тұрақты келешек» атты үш дербес модульден тұратын жеке тарау «Қолданбалы әлеуметтік психологияда» әңгімеленеді.

Алдыңғы басылым сияқты бұл басылымда да әртүрлі мәдениетке ерекше назар аударылады, бұлай екенін әсіресе мәдени дәстүрдің рөлі туралы айтылатын 6 тараудан көз жеткізуге болады; сондай-ақ мұны кітаптың әр тарауында қолданылатын түрлі елдерде өткізілген зерттеу нәтижелері де айғақтайды.

Ұсынылып отырған оқулықтың дәйектілігі мен ғылымилығы ара қатынасы бірдей сақталынған. Жазу ерекшелігі мен материал көлемі жағынан студенттерге түсінікті тілде берілген, әрі алған психологиялық білімдерін тәжірибеде өз беттерінше қолдануына мүмкіндік бере алады.

Бұл оқулық әлеуметтік психология саласын зерттеп, зерделеп жүрген мамандар мен оқытушыларға және әлеуметтік психология пәнін арнайы оқитын жоғары оқу орнының студенттері мен аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Р.А. Молдабаева,

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, психология кафедрасының аға оқытушысы 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях