«Күйеуіңізді сатынызшы» KTS
Купить билет
Время:
27 января 2019., 17:00
Стоимость:
800–800

Комедия

Қоюшы режиссері - А.Қырықбаев

Қоюшы суретшісі -  Қ.Мақсұтов

«Күйеуіңізді сатынызшы» KTS Бұл комедия бүгінгі күннің тақырыбына арналған. Көтерген әлеуметтік мәселесі отбасындағы ерлі-зайыптылардың күйкі тіршілігі мен өмірге тереңдеп мән бермейтін шолақ ойлы, жеңіл жүрісті жастардың көзқарасы баяндалады.

Оқиға желісі жеңіл болып көрінгенімен астарлап ойлаған жанға айтары мен тәлім-тәрбиелік мәні зор. Көншілік қауымға арналған. Әсіресе, өмірге жеңіл қарайтын жастардың болашағына дұрыс жол сілтеп, отбасының бірлігі ерлі-зайыптылардың екеуіне де байланысты екендігін еске салады. Ол үшін махаббат атты құдіретті қадірлеп, сезімді аялап, бір-біріне деген сүйіспеншіліктің алар орыны ерекше екендігін безбендеп, айшықтап береді. Жеңіл сезім, ұшқары ой, үстірт қимыл орға жығып, опа бермейтініне көз жеткізіп, көрерменді күлдіріп отырып ойландырып, тереңге жетелейді.


comments powered by HyperComments