Лента событий

Вечеринки Выставки Детям Жизнь города Музыка Спорт Театры Цирк и зоопарк
сб 17 Выставки Областного краеведческого музеяПерсональная выставка художника П.КишкисаВыставка «Елбасы - Тәуелсіз Қазақстан»Экскурсии по "ЭкоМузею" Киноклуб eTV: Неадекватные люди Карагандинский зоопарк вс 18 Экскурсии по "ЭкоМузею"Выставки Областного краеведческого музея Открытие XXXVI концертного сезона Арт-хаус клуб "Twin Peaks": Дядюшка Бунми, который помнит свои прошлые жизни«Stand up» Карагандинский зоопарк пн 19 World Press Photo 2018 вт 20 Персональная выставка художника П.КишкисаВыставка «Елбасы - Тәуелсіз Қазақстан»World Press Photo 2018 ср 21 Выставка «Елбасы - Тәуелсіз Қазақстан»Персональная выставка художника П.КишкисаWorld Press Photo 2018 чт 22 Выставка «Елбасы - Тәуелсіз Қазақстан»Персональная выставка художника П.КишкисаWorld Press Photo 2018 пт 23 Персональная выставка художника П.КишкисаWorld Press Photo 2018Выставка «Елбасы - Тәуелсіз Қазақстан» сб 24 Персональная выставка художника П.Кишкиса вс 25 пн 26 вт 27 Персональная выставка художника П.Кишкиса ср 28 «Евгений Онегин» чт 29 пт 30 сб 1 вс 2 пн 3 вт 4 ср 5 чт 6 пт 7 сб 8
«Табалдырығыңа табын» KTS
Купить билет
Время:
25 ноября 2018., 17:00
Стоимость:
800–800

Тынымбай Нұрмағанбетов

«Табалдырығыңа табын»

драма

Режиссеры - Рамазан Баймағанбетов, ҚР еңбек сіңірген артисі

Бұл шығарма түрмедегі әйелдер тағдыры хақында. Тар қапастағы әйелдердің қам-қарекеті, тіршілігі бірте-бірте ашылып, еске алу арқылы өрбіп, жанданып отырады. Ол сан қилы тағдырлар. Ең басты мәселе әйел-ана тақырыбы. Режиссер ҚР Мәдениет қайраткері С.Жұмағалидің пайымынша алдағы күндері аналарды жамандықтан арашалап, ұрпақ әкелетін әйел затын әлдилеп, әлпештеу мәселесі алға тартылады. Дүниенің тұтқасын ұстап тұрған – Ана болса, сол ананың құрсағынан шығатын ұрпақты уландырмай пәк, таза қалпында өмір есігін аштыру. Егер әйел заты былыққа батса, онда болашақ ұрпақ тағдыры тұлдыр екендігі ойға оралады.

Оқиға желісі бас кейіпкер Шәйіргүлдің басынан өткен қилы тағдыры арқылы өрбіп отырады. Ол түрме ішінде отырып, қиналған тұста бар өмірі көз алдынан тізбектеліп, өтіп отырады. Ал түрме ішінде отырған әйелдердің де өз тағдырлары, өздеріне тән әр түрлі көзқарастары, дүние танымдары бар. Олардың ішінде тағдыр тәлкегіне ұшырап жазықсыз отырғандар да, жезөкшелік, наркомания, кісі өлтіру, ұрлық-қарлық, тасикомания бойынша жазаланғандар да бар. Драма тақырыбы бүгінгі заманға негізделген. Үкімет басында отырған Елші мен Қалдар сынды шенеуініктер ойларына не келсе соны істеп, таза адамдарды былықпен уландырып, ел арасында жамандық әрекеттер істеп, сүттей ұйып отырған бір шаңырақты тас-талқан етіп, алдап-арбап, ақыры түрмеге апарып тоғытады. Бейкүнә, саф алтындай адал жар арамзалардың арбауына түсіп ішкілікке салынып, кассадағы ақшаның қайда кеткенін, кім алғанын білмей есін жоғалтып, күйеуі мен баласынан ажырап, темір тордан бірақ шығады. Сұм арақтың кесірінен анасындай болған енесіне ауыр-ауыр сөздер айтып, өтірікке бой алдырып, жеңіл жолға түсіп кеткенін де аңдамай қалады.

Бір сөзбен айтқанда драматургияда көтерілген басты мәселе де ана тағдыры, бүгінгі өмір, ащы шындық. Ең бастысы жас ұрпақты таза болуға, он ойланып жүз толғануға, жеңіл жүрістің арты қылмыс, бұлдыр екендігін ескертеді. Әйел затына тән емес жат қылықтардан адаланып, ар жолына түсуге итермелейді. Қойылым қалың көпшілікке бағышталған. Театрдың аға буынымен қоса жас артистер қатысады.


comments powered by HyperComments