#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
24 апреля
23 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(40)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(207)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(60)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

Тәуелсіздігіміз тұғырлы - ана тіліміз ғұмырлы болсын

Тәуелсіздігіміз тұғырлы - ана тіліміз ғұмырлы болсын

 Ұлттың ұлылығын, халықтың бірлігі мен татулығын айқындап, ел айбынын көтеруде мемлекеттік тілдің алар орны ерекше. Тіл – ұлттың айнасы тәрізді. Әр ұлттың дамуы мен өркендеуі ең бірінші кезекте тіл мәселесімен байланысты. Тілді сақтап, өркендету әр ұлттың өз тарихы мен халқының алдындағы өзекті мәселе.

Былтырғы жылдан бастап 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. 

Тіл мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мемлекеттік тілді дамыту, рухани жаңғыру - біздің дамуымыздың ең басты қағидасы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы жылғы алғашқы халыққа арнаған Жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде рөлі күшейтіп, ұлттаралық қатынас тіліне айналатын кезі келеді деп есептеймін»- деген болатын.

Бүгінгі күнде мемлекеттік тілді дамыту және қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстар аз атқарылып жатқан жоқ.

Осы айтулы мерекеге орай Қарағанды облысының Полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының ұйымдастырумен тіл апталығы өткізілді.

Апталық Қарағанды облысы ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тіл – полиция қызметінде» атты облыстық байқау өткізумен басталды.

Байқаудың басты мақсаты - мемлекеттік тіліміздің айбынын асқақтатып, мәртебесін жоғарлату.

Қарағанды қаласы полиция басқармасының ғимаратында өткізілген іс-шараны Қарағанды қаласының ПБ бастығы полиция полковнигі Думан Рахымжанұлы Қожахметов ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған құттықтау сөзімен бастап, әрі қарай Қарағанды облысы ішкі істер органдарының қатарында қызмет атқарып, мемлекеттік тіліміздің рухын асқақтатып жүрген қызметкерлерге «Алғыс хаттар» табыс етті.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің арасында өткен байқау 4 кезеңнен тұрды, атап айтсақ: 1- кезең: «Сәлемдесу». Әрбір команда өздерін «Біз мемлекеттік тілді дамытуға қандай үлес қосудамыз?» тақырыбында таныстыру. 2- кезең: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда...» сұрақ – жауап. 3- кезең: «latynsha oqyp úıreneıik». Әрбір команда ұяшықта көрсетілген латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиіндегі мәтінді оқу. 4-кезең: «Аударма». Әрбір команда ұяшықта көрсетілген сөздерді қазақшадан орысшаға (орысшадан қазақшаға) аудару.

Сонымен қатар, аталмыш байқауға Қарағанды облысының ПД қарасты аумақтық полиция бөліністерінен өздерінің білімдері мен жұмыс тәжірибесін ортаға салуға сайдың тасындай сайланып келген, Қарағанды облысы Полиция департаментінің атынан шыққан «Тіл жанашырлары» тобы,

Қарағанды қаласы полиция басқармасынан «Тіл қырандары» тобы, Бұқар жырау ауданының полиция басқармасынан «Самға» тобы, Теміртау қаласының полиция басқармасынан «Әділет» тобы және полиция бөліністерінен құралған «Қауырсын» атты 4 команда қатысты.

Байқау жоғарғы деңгейде, өте тартымды өтті. Әр команда өз білімдерімен ерекше көзге түсе білді. Командалардың әділ бағасын беруге әділ қазылар алқасының құрамында Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аударма бөлімінің редакторы Еркін Берікұлы Өскембаев, Қарағанды облысы полицейлер ассосациясының төрайымы Ася Александровна Хигай және Қарағанды қаласының ПБ ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлғайша Әміржанқызы болды.

Тартымды бәсекеден кейін байқаудың қорытындылары да белгілі болды. Жүлделі 1-орынды Қарағанды қаласы полиция басқармасының «Тіл қырандары» командасы қанжығасына байлады. 2-орынға Қарағанды облысы Полиция департаментінің «Тіл жанашырлары» командасы және

3- орынға Теміртау қаласы полиция басқармасының «Әділет» командасы табан тіреді.

Ал, Бұқар жырау ауданының полиция басқармасынан «Самға» тобы «Позитив» номинациясына, Қарағанды қаласының полиция бөліністерінен құралған «Қауырсын» командасы «Креатив» номинациясына лайық деп табылды.

Барлық командалар бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Байқау барысында Қарағанды облысының жеке құрамынан құрылған қызметкерлер әсем әндерімен байқаудың сәнін келтірсе, хореографиялық «Қарлығаш» ән-би ансамблінің мүшелері тамаша ұлттық билерін көрерменге тарту етті.

Апталықтың екінші күні Қарағанды облысының Теміртау полиция басқармасында өз жалғасын тапты. Атылмыш мерекеге байланысты Теміртау қаласының ПБ-да «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Полиция басқармасының мәжіліс залында Теміртау қаласының Тілдерді дамыту орталығының қызметкерлерімен бірлесе латын графикасына көшу жұмыстарына байланысты жеке құрам арасында тренинг өткізілді және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Апталықтың үшінші күні латын графикасының емлесімен ішкі істер органдарының қызметкерлерін таныстыру мақсатында Қарағанды қаласының полиция басқармасында «Емле ережелері» атты семинар өткізілді.

Ана сүтімен бойымызға тараған қазақ тіліміздің мәртебесін асқақтатып, оның қолданыс аясын кеңейту жолында еңбегіміз еселене түссін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ана тіліміз ғұмырлы болсын!

Қарағанды қаласының ПБ

Нағима Әшімқызы 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях