#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
23 апреля
22 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(40)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(201)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(59)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

Астананың Нұр-Сұлтан аталуын ауыл жұртшылығы қолдайды

Астананың Нұр-Сұлтан аталуын ауыл жұртшылығы қолдайды

 Біз Қарқаралы ауданының Қайнарбұлақ ауылының «Аппаз» шаруа қожалығының ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып аталуын қошеметпен қабылдадық.

Елбасы елімізді қиын жылдары тығырықтан алып шығып, дамудың дара жолын көрсетті. Игі бастамалардың басында болып, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ете білді. 

Еліміз үшін, халқымыз үшін Елбасының орны қашанда ерекше. Елбасы қашанда ауыл мәселесіне зор көңіл бөлді. Ауылды жаңғыртып, кәсібімізді дамытуға мүмкіндік туғызды. Осы жылдар ішінде келешегін болжай білген Елбасы еліміздің ауылшаруашылық саласын әлемнің ең озық мемлекеттерінің табысымен бәсекелесе алатындай етті. Біз сияқты шаруа адамдарына қаншама жеңілдіктер, қолдаулар жасалуда. Ауылда білім мен мәдениет ошақтарын дамытып, балабақша, мектептер салып, олардың материалдық базасын заман талабына сай қамтамасыз етті.

Әрі қарай да біз Елбасының қалыптастырған, салып берген осы дара жолын жалғастырып, аянбай еңбек ете берсек, бәріміз үшін өте маңызды болмақ.

Еліміздің абыройын асқақтатқан Көшбасшымыз бүгінде барлық құрметке лайық. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып дамуына, Астананың әлем картасында пайда болып, барша ғаламды мойындатуына Нұрсұлтан Әбішұлының зор еңбегі сіңді. Біз Астана қаласын Елбасымыздың құрметіне Нұр-Сұлтан деп атауын бір ауыздан қолдаймыз . Бұл тарихи дұрыс шешім. Ұрпақтарға үлкен аманат.

Қарқаралы ауданы, «Аппаз» шаруа қожалығының ұжымы

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях