#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
23 апреля
22 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(40)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(199)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(59)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

Жаңаарқалықтар Астана қаласын өзгертуді қолдайды

Жаңаарқалықтар Астана қаласын  өзгертуді қолдайды

Біз Жаңаарқа ауданы, Талдыбұлақ мекенінің «Ескене» шаруа қожалығы ұжымы Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы деген құрметті атаққа ие болған, кемел де кемеңгер саясаткер Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің өкілеттігін тоқтататыны жөнінде хабарды қимастықпен, өкінішпен қабыл алды.  

Нұрсұлтан Әбішұлы басқарған 30 жыл уақыт ішінде жеткен жетістіктеріміз көз алдымызда. Президентіміздің сарабдал салиқалы саясатының арқасында қазақ елі әлем картасынан ойып тұрып өз орнын алды. Бейбітшілік пен татулықты, ымырашылдықты ту етіп ұстанған Қазақстан елі көп мемлекет үшін үлгі бола білді. 

1998 жылы Астана қаласында өткен аграрлық кеңес отырысында Елбасымен алғашқы рет жүздестік. Ауыл шаруашылығы мәселесіне, ауыл адамдарына аса ілтипатпен, зор назармен қарап, санамызда өзіндік із қалдырды. Елбасымен жүздесу бақыты бұйырған әрбір адам сол кездесудің әсерінен көпке дейін арыла алмайтыны шындық.
Ұлт көшбасшысы қашанда аграрлық саланы қолдап, осы саланы дамыту мақсатында біраз шаруа атқарды. Елбасы қолдауының арқасында 2000 жылы шаруаларды қолдау бағдарламасы бойынша несеие алып, Қостанайдан 110 бас әулиекөл асыл тұқымды ірі қара мал басын алып «Ескене» шаруа қожалығын аштым. Қазіргі таңда 18 адамды жұмыспен қамтып отырмын.

Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының арқасында бүгінде елімізде қай салада болмасын өз ісін ашамын деген адамға барлық мүмкіндіктер жасалуда.

Бүгінгі күні Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп Тұңғыш Президентіміздің атын беру туралы шешімді біз, шара қожалығы ұжымы бір ауыздан қолдаймыз. Бұл лайықты шешім.

«Ескене» шаруа қожалығының иесі Төлеуов Әбүйірхан Төлеуұлы 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях