#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
17 апреля
16 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(33)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(174)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(54)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

«Азаматтарға арналған үкіметте» бірыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгізілді

«Азаматтарға арналған үкіметте» бірыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгізілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында лауазымдардың бірыңғай тізілімі жасалып, еңбекақы төлеу жүйесі теңдестірілген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды біріздендіруге және оңтайландыруға мүмкіндік берді.

Бұған дейін, 2016 жылғы сәуірде құрылған мемлекеттік корпорацияның құрамына кірген «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК-де, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-де, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК-де және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де еңбекақы төлеудің бөлек-бөлек жүйесі және лауазымдар тізбесі болған.

«Азаматтарға арналған үкімет» Басқармасы төрағасының орынбасары Диханбай Әбеновтің айтуынша, құрылымды қайта ұйымдастыру қолданыстағы еңбекақы төлеу қоры шеңберінде жүргізілген. «Төрт мекеме біріктірілгеннен кейін біз құрылымдық бөлімшелер құрамына және әрбір бағыт аясындағы қызметтің бөлінуіне талдау жасадық. Жалақы деңгейінің тек кәсіпорындардың өзінде ғана емес, басқа өңірлерде де айырмасы болды», - деді Әбенов.

Сондай-ақ, біріздендіру аясында басшылық құрамның саны 53%-ға оңтайландырылды. Мұнда бірде бір қызметкер жұмыстан босатылған жоқ. Мемлекеттік корпорацияның барлық қызметкерлеріне олардың мамандықтарына, кәсібі мен біліктілігіне сәйкес жаңа лауазымдар ұсынылды.

Диханбай Әбенов: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін бірыңғай құрылымға біріктіріп қана қойған жоқ. Құрылымдық бөлімшелердің басшылық әкімшілік штатын оңтайландыру бізге мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты құрайтын бюрократиялық кедергіден арылуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсетуде үлкен жүктемесі болатын қарапайым инспекторлардың жалақысын арттыруға оңтайландырылғаннан кейін босатылған қаржы бағытталады. Бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтпай ақ корпорацияның қарапайым қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді» - деп түсіндіре отырып, қатардағы қызметкерлердің айлықақысының көтерілуі 20%-ды құрайтындығын атап өтті.

Сондай-ақ еңбекақы төлеу жөніндегі жаңа ережеде қосымша еңбекақы төлеу қоры қарастырылған, мұнда жеке жұмыс нәтижесі, жүктемесі, сондай-ақ жұмыс өтілі ескеріле отырып, ынталандырушы қосымша ақылар мен әртүрлі үстемеақылар болады.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік

қоғамының баспасөз қызметі

тел. 8 7172 27 06 58 (ішкі 109) 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях