#КүшiмiзБiрлiкте

Лента событий

Вчера
25 апреля
24 апреля

ОПРОС

А вы привыкли к новому времени?
  • Да, уже не чувствую разницы;(41)
  • Нет! Очень тяжело до сих пор. Особенно по утрам;(213)
  • В целом, да, но зачем это было нужно?(62)
  • Не собираюсь привыкать, живу по-старому времени.(15)

2017 қазақ әндерінің үздік ондығы

  

Болмысымыз солай болар, біз әрдайым әр нәрсені қорытындылап, үздіктерді анықтап жүруге құмармыз. Бұл барлығын қамтиды – әсіресе, әндер мен фильмдерді. Міне бүгін де 2017-нің бірінші жартысы артта қалды, ал біз осы аралықты қорытындылай отырып жылдың ең танымал қазақша әндер үздігін анықтаймыз.

Әрине, біздің сүйікті орындаушыларымыз бен топтарымыз, бар күш жігерін салып жаңа туындылармен қуантуға тырысып, жаңа керемет әндер жазып, жаңа альбомдар мен клиптер ұсынуда. Сондықтан да болар үздіктерді тауып, одан ең кереметтерін, мықтыларын таңдау қиынның қиыны. Бірақ сонда да, әділдікті сақтай отырып, жіті қадағалау арқылы талдау жасадық. Сонымен, 2017 жарты жылдығының ең үздік қазақ әндері топтамасына кімдер кірді екен?

Қайрат Нұртас — «Аңсайды жаным»

Қазақ жұртының сүйіктісі ел үмітін ақтады — керемет ән, тамаша орындау. Әнші әрдайым жұртшылықты осы ерекше бір қасиеттерімен қуантады десек, артық айтқан болмаспыз.

Ернар Айдар — «Қимастық»

Әрине Ернар Айдар ән туындылардан шеткері қалуы мүмкін емес, мұның дәлелі тыңдарманын қуантқан тамаша жаңа туынды — осы жылдың топтамаларының тізіміне лайықты керемет ән.

Төреғали Төреәлі — «Түсімдегі қыз»

Бойды шымырлатқан би әуенді Төреғали Төреәлі ұсынған туынды — жазды жадыратып, сүйікті әндер жинағында өз орнын табары сөзсіз.

Қанат Умбетов ft. Әлия Әбікен — «Өзіңсің кінәлі»

Ұлттық нақыш, этникалық элементтер мен қазіргі заманауи биге толы ән үлгісін үйлестіре білу Қанат Умбетовке тиесілі. Әуенде осы қабілетін толықтай көрсете отырып, біздің қазақ үздік әндері тізімін тағы бір керемет туындымен толықтырды.

Асан Пердешов ft. Фархад Тажиметов — «Жасырма бəрін»

Жазда адам жаны демалыс пен ойын сауыққа құмартады, соның ішінде әдемі әнге би билеп, рахаттанғанға не жетсін. Асан Пердешовтің осы әні барлық жоғарыдағы талаптарға сай — сенімді түрде плейлистке қосуыңызға болады.

Қуандық Рахым — «Қош, махаббат»

Тізіміміз тек қана би әуендерінен құралмасы анық. Сондықтан міндетті түрде Қуандық Рахым ұсынған романтикалық көңіл күйге толы лирикалық әуенді міндетті түрде тізімнен көресіз.

Төреғали Төреәлі ft. Қайнар, Құрал, Аян — «Достығымыз жарасқан»

Қазақ эстрадасының ертеректен бері қалыптасқан дәстүріне сәйкес ерекше бір нышандағы, ұлттық нақыштағы, өзектілігін сақтаған, Төреғали Төреәлінің тағы бір әні, осы жылдың ең үздік әндерінің бірегей өкілі.

Кешью — «Неге»

Талантты Баян Есентаеваның керемет нәзік жандардан құралған коллективі — КешYOU тобынсыз біздің тізім толық болмасы анық. Қыздар тобы, шебер орындауларымен керемет әндерімен әрқашанда жүректерге нәр силап, тыңдарманын қуантуда.

Ерке Есмахан — «Қайда»

Егер біз лирика жайында сөз қозғасақ, бүгінгі күні Ерке Есмаханның жаңа әнін еске түсіреріміз анық. Біз оны өз жинағымызға қосуға міндеттіміз деп айтсақ та артық болмас еді.

Димаш Құдайберген — «Қытай тілінде»

Әрине біз жас та болса, аты Қазақ елінен асып, барша әлемнің түкпір-түкпіріне танылған қазақ әншісі Димаш Құдайбергенді жинағымыздан тастамасымыз айдан анық. Димаш еліміздегі өз тыңдармандарын жаңа әндермен қуантуда, соның бірі «Қытай тілінде». Бұл ән — сіздің плейлистіңізді Димаштың орындауындағы керемет вокалымен, әсем ырғағымен сәндендіреді.

 

    • Рассылка: 






    Предложить новость
    Мы в соцсетях